• Область Мангистау, Город Актау, 19А микрорайон, здание 1/2
  • Вторник - Пятница: 09:00-19:00
    Суббота - Воскресенье: 10:00-18:30
    Понедельник - выходной

Незабываемые встречи

Роза Тайманқызы Айдарбаева

Роза Тайманқызы Айдарбаева 1952 жылы қойнауы мәдениеттің мұрасына мейілінше бай, жер асты мұнай байлығымен белгілі, өнерлі адамдардың өлкесі Маңғыстау облысы, Қаратау бауырындағы Таушық кентінде дүниеге келді. Оның әкесі Тайман Айдарбаев әрі күйші, әрі сазгер адам. Ол 25 тей күйлердің авторы. Анасы – Рахима әнші. Немере ағасы Байжабай Роза Бағлановадай елінің еркесі болсын», – деп өмірге келген сәбидің атын Роза қойған. Әкесінің сазгерлігі, күйшілігі, анасының әншілігі балғын Розаның өнерге деген ынтызарлығын ерте оятты. Ол алты жасында әкесінен Құрманғазының «Бозшолақ» күйін үйреніп, үй ішінде, қаумалаған көршілер алдында тарта бастады. Розаның алғашқы жеңісі 3 сыныпта оқып жүрген шағында кезекті өнер сайысында орындалды, бірінші орынды жеңіп алды. Көркемөнер үйірмесіне қатысып Тастановтың «Қазақ биі» атты күйін тартып жүрді. Тұщыбектегі мектеп қабырғасында және аудандық өнер сайыстарында тек бас жүлделерді жеңіп алатын.

Роза онжылдықты тәмамдағасын 1970 жылы Атырау қаласындағы музыка училищесіне оқуға түседі.1974 жылы консерваторияны үздік дипломмен аяқтайды.Ғазиза Жұбанованың басқаруымен Қазақтың Мемлекеттік (ҚМ)Құрманғазы атындағы Академиялық халық аспаптар (АХА) оркестрі құрамында Италияға гастрөлдік сапармен алғаш рет Еуропада ұйымдастырылған концерттерде жас студент Роза Айдарбаева да қатысты.Консервторияны үздік аяқтап, ұлттық аспаптар бөлімінде ұстаздыққа қалдырылды. 1984 жылы Роза Тайманқызы Маңғыстау облысына қызметке ауысты.Ақтаудың музыкалық мектебіне орналасып, ұстаздығымен көптеген шәкіртерді өнердің салиқалы жолына қанатандырды. 1992 жылы облыстық филармонияға жеке орындаушы және «Ақжарма» фольклорлық ансамбліне жетекеші домбырашы болып қызметке орналасты. Сол шақта Абыл Тарақұлы атындағы Қазақ ұлт аспаптары оркестрі бой көтерді. Бұл игілікті іске Маңғыстаудың талай өнерпаздары ат салысты. Ол ұжыммен бірге Түркия,Қытай,Франция елдеріндегі фестивальдерге қатысып, елге абыроймен оралып жүрді. Сол кездегі Мәдениет министрі Еркеғали Рахмадиев Розаны Түркияда өтетін Дүниежүзілік фестивальге қатысушылар тізіміне кіргізді. Оған көптеген мұсылман елдерінің өнерпаздары қатысты. Бұл жолыда Роза тағы да жүлдегер атанды.1996 жылы Роза Тайманқызы Айдарбаеваға Қазақстан Президенті жарлығымен ҚР еңбек сіңірген әртісі атағы берілді. Бұл оның ұзақ жылдар бойғы өнер жолындағы табысты еңбегін құрметпен бағалау. Оған 1992 жылы «Республика ағарту ісінің үздігі» белгісі берілді, ал 1997 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.



Утежан Алшымбаев  широко известен в Мангистауской области, как активный ...

Перейти к новости  

27 сентября в конференц-зале Мангистауской областной универсальной библиотеки ...

Перейти к новости  

22 июля в зале краеведческой литературы областной библиотеки состоялся ...

Перейти к новости  

Сегодня в отделе краеведческой литературы прошел поэтико-музыкальный вечер, ...

Перейти к новости  

13 декабря в конференц-зале имени великого писателя Абиша Кекилбаева прошел ...

Перейти к новости  

Тәуелсіздік мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов Ә.Кекілбаев ...

Перейти к новости  

18 февраля в читальном зале отдела обслуживания прошел лекторий, посвященный ...

Перейти к новости  

К 80-летию со дня рождения Сайына Шапагатова библиотекари детского отдела нашей ...

Перейти к новости  

28 ноября в библиотеке состоялась встреча школьников с поэтессой, общественным ...

Перейти к новости  

К 115 летию со дня рождения кюйши, поэта и сказителя Мурата Ускенбаева 14 ноября ...

Перейти к новости  

КОНТАКТНЫЙ ТЕЛЕФОН

+7 (7292) 30 31 13

РАБОЧИЙ ГРАФИК

Вторник - Пятница: 09:00-19:00
Суббота - Воскресенье: 10:00-18:30

Понедельник - выходной

Правила пользования услугами универсальной библиотеки

Прочесть