• Область Мангистау, Город Актау, 19А микрорайон, здание 1/2
  • Вторник - Пятница: 09:00-19:00
    Суббота - Воскресенье: 10:00-18:30
    Понедельник - выходной

Незабываемые встречи

Жанқұл Тамара Асар

Жанқұл Тамара Асар - өмірде де, өнерде де өжеттігімен көзге түскен талантты әншілердің бірі.

Биография

Еліміздің батыс өңірі Ақтаудан 16 шақырым жердегі Ақшұқыр» деген ауылда ұстаздар отбасында өмірге келген. «Жаратушы қиындықты тек көтере алатын адамына береді» дейді халқымыз. Осы сөзді өзіме ғана арналған деп қабылдайтын Тамара, тіршілікте басынан өткен түрлі ауыртпалыққа мән бергенді көңілі қаламайтын қайсар қыз.

90-шы жылдардың соңында ол жол апатына ұшырап, бір аяғынан айрылған болатын. Араға жылдар салып, денсаулығын қалпына келтірген әнші, өзін — өзі қамшылап өмір сүруді әдетке айналдырды. «Қиындық әркімнің басына болатын нәрсе, тек оны жеңудің кілті – жүректе» дейтін Тамара Асар өмірге ғашық адам кез-келген қиындыққа төзімді болып келеді деген пікірде. «Серпін» жастар сыйлығының иегрі Тамара Асар басқа әрпітестеріне қарағанда денсаулығына көбірек алаңдайды. Сондықтан қаланың қым-қуыт тіршілігінен шаршағанда көпшіліктен оңаша кетіп, баласымен демалғанды ұнатады екен. Туған жері Ақтауға жиі ат басын бұратын әнші жалғызсырыған сәтте қолына кітап алып, әдебиетпен сырласқанды жан рахатына балайды.

Білімі

Бала кезден өнерді өзіме серік етемін деп армандаған ол, алдымен Ақтаудағы музыка мектебінде білім алады. Кейін Алматыдағы қазіргі "Елебеков атындағы эстарда және цирк коледжі Елебеков атындағы эстарда және цирк коледжінде оқи жүріп, ілімін мұғалімдік мамандықпен ұштастырады. 8-ші сыныптан бастап Алматыда дәріс алған Тамара көпшілікпен етене араласуна танымал мектепте оқығаны септігін тигізгенін айтады.

Еңбек жолы

Өнердегі еңбек жолы Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы Мұрат Өскімбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясында басталған. Шығармашылықта жүрген 12 жыл ішінде көптеген жанрлар мен бағыттардағы Ақжауын Абыл Тарақұлы атындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестрінің, Ақжарма фольклорлық ансамблінің, симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ән айтып, жұртшылықтың назарында жүр. Сонымен қатар, жаңашыл эстрадалық жанрда Қазақстанмен қоса, Еуропа, Азия елдерінің алдыңғы қатарлы сахналарында бар талап-талантымен өнерін өрнектеуде.

Марапаттары
  • 2001 жылы Президент Н.Назарбаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл мерекелік медалі және №05386 куәлігі,
  • 2002 және 2006 жылдары Маңғыстау облысы әкімі сыйлығы "Жыл Әншісі",
  • 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200-жылдығына арналған республикалық конкурста «Гран При» жүлдесі,
  • 2006 жылы Алматы қаласы әкімі жанындағы Қазақстан Республикасында мәдениет пен өнерді қолдаудың мемлекеттік қорының «Мәдениет, өнер және өз ісі саласындағы жетістіктері үшін, әрі халық сүйіспеншілігіне бөленер тұлға ретінде»
Әнбаяндары өңдеу «Ариайдай»,
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»,
«Жалғыз досым»,
«Ренжімеші»,
«Сол бір қыз».



Мангистауские песни, стоящие особняком в западно-казахстанской песенной ...

Перейти к новости  

23 февраля в читальном зале отдела обслуживания прошел вечер-портрет, посвященный ...

Перейти к новости  

3 февраля в читальном зале отдела обслуживания прошло библиотечное мероприятие, ...

Перейти к новости  

19 октября библиотеку посетили учителя из центра повышения квалификации учителей ...

Перейти к новости  

В Астане в Национальной академической библиотеке был презентован журнал «Мир ...

Перейти к новости  

Сайын Назарбек 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау облысының Тиген ауылында дүниеге ...

Перейти к новости  

Жанқұл Тамара Асар - өмірде де, өнерде де өжеттігімен көзге түскен талантты ...

Перейти к новости  

Роза Тайманқызы Айдарбаева 1952 жылы қойнауы мәдениеттің мұрасына мейілінше бай, ...

Перейти к новости  

Серикбола Кондыбая Серикбол Адилбекулы Кондыбай родился 14 марта 1968 года в ...

Перейти к новости  

Известный кюйши, заслуженный работник Республики Казахстан, почетный профессор ...

Перейти к новости  

КОНТАКТНЫЙ ТЕЛЕФОН

+7 (7292) 30 31 13

РАБОЧИЙ ГРАФИК

Вторник - Пятница: 09:00-19:00
Суббота - Воскресенье: 10:00-18:30

Понедельник - выходной

Правила пользования услугами универсальной библиотеки

Прочесть