Сайын Назарбек
Сайын Назарбек 1941 жылы 2 қаңтарда Маңғыстау облысының Тиген ауылында дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Ақын, Махамбет Өтемісов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының ескерткіштерді қорғау қоғамының құрметті мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Атырау облысы Махамбет ауданының, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Құрметті азаматы. Шәкәрім Құдайбердиев атындағы Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының Құрметті профессоры.
1964-1969 жылдары - В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының оқытушысы. 1975-1980 жылдары - құрылыс мекемесінің қызметкері. 1980-1989 жылдары - Алматы құрылыс техникумының оқытушысы қызметтерін атқарған. 1992-2002 жылдары - Маңғыстауда «Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрып, Қазақстанның түкпір-түкпірінде зираттық сәулет ескерткіштерін тұрғызуға кіріседі. 1992 жылы Маңғыстау өңірінде Абыл ақынға, Досан батырға күмбездер тұрғызып, 1993-1995 жылдары Шыңғыстауда «Абай-Шәкәрім» мұнарасын, Омархан - Нұржамал (Мұхтар Әуезовтың ата-анасы), Тоқтамыс батыр күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай, Шәкір Әбенов сағаналарын тұрғызып, 1996-1997 жылдары Қаратау өңірінде «Домалақ ана», 1999-2010 жылдары Атырау облысында «Хан Ордалы Сарайшық», Сұлтанмахмұт Торайғыров кесенелерін, Жаңаөзенде «Даңқ» аллеясын салды.
«Парыз», «Абай басқан Жидебай топырағы», «Шерқала» атты өлеңдер жинағы, «Абай ішіп үлгермеген у», «Махамбеттің бір күні», «Ең асыл мұра» атты драмалық шығармалары, «Абай», «Нұрым», «Ақтаным», «Сырласым бол», «Менің Ақ Ордам», «Ұлы Дала Ұлдары» атты жинақтары жарық көрген. Сондай-ақ «Адай шежіресі» атты сегіз томдық еңбектің жинақталып, жазылуына басшылық еткен.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конститутциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен, Маңғыстау облысы Әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Жанқұл Тамара Асар - өмірде де, өнерде де өжеттігімен көзге түскен талантты ...
Роза Тайманқызы Айдарбаева 1952 жылы қойнауы мәдениеттің мұрасына мейілінше бай, ...
Серикбола Кондыбая Серикбол Адилбекулы Кондыбай родился 14 марта 1968 года в ...
Известный кюйши, заслуженный работник Республики Казахстан, почетный профессор ...
Кекилбаев, Абиш Кекилбаевич село Онды Мангистауский район Атырауская ...
24 февраля прошла встреча студентов города и посетителей библиотеки с писателем, ...
В читальном зале отдела обслуживания прошло мероприятие, посвященное 175-летию со ...
18 декабря 2015 г. украинское этно-культурное объединение имени Т.Г.Шевченко ...
В читальном зале прошло мероприятие Әруағыңнан айналайын Ер Бекет"посвященное ...
23 сентября в читальном зале прошла встреча с молодежью партии "Акжол". Встреча ...



















