“Туған өлке қаламгерлері”
Тәуелсіздік мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Жазушылар Одағының Маңғыстау облысындағы мүшелерінің қатысуымен “Тәуелсіздік. Әдебиет. Қоғам” атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мереке Құлкенов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Есенғали Раушанов қатысты. Бұл шараға Қ. Сыдиықов атындағы облыстық кітапхана “Туған өлке қаламгерлері” атты көрме жасақтады. Көрмеге Қазақстан Жазушылар одағына мүше болған өлке қаламгерлерінің 2019-2020 жылдар аралығында жарық көрген әдебиеттері және анықтамалық-библиографиялық көрсеткіштер, кітап туралы нақыл сөздер, газет мақалалары қойылды.
В читальном зале отдела обслуживания прошел тематический вечер "Счастливая ...
Вот и начались школьные дни. Ребята одели форму, пошли в школу, и начали учиться. ...
26,27 августа в читальном зале отдела обслуживания прошли мероприятия , ...
В читальном зале отдела обслуживания прошел литературный вечер «Шын хакім, ...