жас жазушы Мирас Мұқашев "Ақ шағала"
«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жарияланды
Жылдың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау. Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы Жасөспірімдер бөлімі қордағы жастарға арналған кітаптарды таныстыруды одан әрі жалғастырады. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жас жазушы Мирас Мұқашев "Ақ шағала" прозасы.
Прозадан үзінді:
“Әр пенденің тағдыры әрқалай қалыптасатыны мәлім ғой...
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы империялық Ресейдің он тоғыз бен отыз бір жас аралығындағы қазақ жастарын қара жұмысқа айдайтыны... Одан кейінгі Ұлы Қазан төңкерісі, аштық зобалаңы, саяси қуғын-сүргін нәубеті, соғыс... Міне,осылардың ешбірінен менің де бабаларым аман қалмаған секілді.
Нақ өз атамның балалық шағы да небір аласапыран кезеңдерге тап келеді. Отыз екінші жылғы аштық...
Атышулы отыз жетідегі дүрбелең дер... Ағайындардың бір - бірін көрсетуі, бір- бірін ұстап беруі... Кейбіреулердің жазықсыз атылуы...
Жүрекке із салады,әрине.Қаңғалақтай ұшқан ақ шағала қалар емес. Не деген өлермен өзі?!” Мирас Мұқаштың әңгімелері республикалық басылымдарда, «Жас толқын» жинағында жарияланды.
Кітапты біздің кітапхана сөресінен таба аласыздар немесе @kazneb.kz сайтынан оқи аласыз #2021балаларменжасөспірімдердіңкітапоқужылы #маңғыстаукітапханасы
: 12:18"Сөйлесе, сөздің шешені". Тілеген Мәмбетұлының туғанына 160 жыл. Мәмбетұлы Тілеген ...
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді кітапханада орналасқан БУККРОССИНГ сөрелерді тамашалауға шақырамыз!
Маңғыстаудың 362 әулиелі киелі топырағы есімдері ел аузында аңыз-әңгімелерге ...
ЖЫРМЕН ЖЕТКЕН ТАРИХ «...Дулыға сыймас шекеге, Білегі сыймас жеңіне, Ерлігі ...
«Айдың үздік кітаптары-2023” Жасөспірім бөлімінің қорынан наурыз айында оқырман ...
«Айдың үздік кітаптары-2023” Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
Құрметті қала тұрғындары мен, қонақтары! Кітапханамызға келіп, осы кітаптармен танысуға шақырамыз!
АТАУЫ В.Гаспарян "Электр доғалы газбен пісіру" Дәнекерлеу ісінің негіздері. ...
Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және к