Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі
Оқырмандарға қызмет көрсету бөліміне оқу залы, абонемент, өнер секторы, өлкетану залы, мерзімді басылымдар залы мен шетел әдебиеттер бөлімі қызметі кіреді. Оқырмандардың сұранысы бойынша түрлі саладағы әдебиеттермен қамтып қана қоймай, абонемент бөлімі арқылы көркем әдебиетті бос уақытында үйге алып оқуына жағдай жасайды. Сонымен қатар, өнер секторында түрлі өнер иелеріне арналып түрлі мекелік шаралар, кездесу кештер, музыкалық кештер, кітап көрмелері ұйымдастырылып тұрады.
Өлкетану бөлімі ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, туған өлкені зерттеуге және әлеуметтік мәдениеттік дамуына жәрдемдеседі. Бөлімнің басты міндеті өлкетанушылық ақпараттық ресурстарды жинау және сақтау, өлкетанушылық ақпаратты тарату болып табылады.
Өлкетану бойынша іс-шаралардың үлгі атаулары:
• "Тарих кезеңдері" (өлке)
• "Бабалар жері - балалар отбасы"
• "Туған өлкенің өлең-жыры"
• "Отаным, қайнар көзім!"
• "Олардың есімдері - өлкенің тарихында"
• "Менің өлкем - менің мақтанышым "
• "Отан» деп жүрегім соғады"
• "Біз жерлестеріміздің ерлігін ұмытпаймыз"
• "Туған өлкенің жазушылары"