• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Оқуға ұсынамыз

"Қазақтың 100 поэмасы"

«Қазақтың 100 поэмасы» сериясының 1-ші кітабында ХІХ ғасырдағы және ХХ ғасырдың бас кезіндегі дастандар мен ұлы Абайдың және оның шәкірттерінің поэмалары енгізілді. «Қазақтың 100 поэмасы» жинағының екінші кітабына Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни дастанынан бастап, қазақтың тұңғыш журналының редакторы Мұхамеджан Сералиннің, поэма жанрын жаңа мазмұнмен, эстетикалық бітіммен байытқан ақындар Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллиннің туындылары, Сәбит Мұқановтың «Сұлушаш» романы, сондай-ақ ХХ ғасыр басында ғұмыр кешкен халық ақын дарының тарихи дастандарды енгізілді. Қазақ поэмаларының үшінші кітабына белгілі қаламгер Сапарғали Бегалиннің «Тасарал» атты тарихи поэмасынан бастап дауылпаз ақын Иса Байзақовтың, майдангер ақындар Әбу Сәрсенбаев, Жұмағали Саин, Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Хамит Ерғалиев, т.б. көрнекті ақындардың әдебиетімізге олжа салған туындылары топтастырылды. Қазақ поэмаларының төртінші кітабында Тұрсынхан Әбдірахманова, Мұзафар Әлімбаев, Е.Ибраһим, Ізтай Мәмбетовтің поэмаларынан бастап, ХХ ғасырдың 60-жылдарында қазақ поэзиясына жаңа серпін әкелген Мұқағали, Жұмекен, Қадыр, Төлеген, Олжас сынды көрнекті поэзия өкілдерінің эпикалық поэзия жанрындағы туындылары топтастырылды. Қазақ поэмаларының бесінші кітабына ұлттық поэзиямыздың көрнекті өкілдері Фариза Оңғарсынова, Мұхтар Шаханов, Кеңшілік Мырзабеков, Әбдірәштің Жарасқаны, Темірхан Медетбек, Иран-Ғайып, Серік Ақсұңқарұлы, Ұлықбек Есдәулет, т.б ақын дардың сан алуан тақырыпты арқау еткен эпикалық туындылары кіргізілді. «Қазақтың 100 поэмасы» сериясының алтыншы кітабына қазақ поэзиясына поэтикалық қуаты жоғары, тегеурінді жырларымен олжа салған ақындармен қатар кейінгі буын өкілдерінің поэмалары топтастырылды. Бұл поэмалар өткен дәуірлердегі аңыздық, тарихи оқиғалардан бастап бүгінгі күннің шындығын, жалпыадамзаттық мәңгілік мәселелерді көркем де бейнелі тілмен танытып, оқырманына ой тастауымен маңызды.

Кітапхана қорында және электрондық порталда.

adebiportal.kz https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/05b/05b0443da4f01fe73739c29c3e5375c9.pdf&ln=kz 

: https://adebiportal.kz/kz/genres/view/163

: 14:42  


«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп ...

Жаңалыққа өту  

«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп ...

Жаңалыққа өту  

Шуақты күндер — Зейнеп Ахметованың кітабы. Кітап Ұлы Отан соғысының сұрапыл ...

Жаңалыққа өту  

Оқуға ұсынамыз. ...

Жаңалыққа өту  

«Қазақтың 100 поэмасы» сериясын оқуға ұсынамыз.

Жаңалыққа өту  

"Кітапхана қорынан" айналымы өз жұмысын жалғастыруда. Назарларыңызға ғұмырының жартысын қазақтың тарихын, мәдение

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу