• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Оқуға ұсынамыз

Жыр-Дәрия: Маңғыстау ақын, жыраулары

ЖЫРМЕН ЖЕТКЕН ТАРИХ

«...Дулыға сыймас шекеге,

Білегі сыймас жеңіне,

Ерлігі сыймас жүрекке

Мен әкеден айрылдым,

Қабырғам сынып қайрылдым,

Қой құмалақ қорғасын,

Ажал оғы тап болып

Кез болдық шықпас сорға шын...

...Қайран әкем сүйегін

Алып келіп жерледік

Көлденең Шыңның басына

Балша-Бекет қасына.»

Қанапия Доспамбетқызы

(жырдың толығырақ нұсқасын кітапханамыздағы «Жыр-дария» кітабынан оқуға болады)

«Қанапия Доспамбетқызы – шамамен ХІХ ғасырдың 30-40 жылдары арасында туған.

1853 жылы Хиуа ханы жасанған қол жіберіп Маңғыстауды қоныстанған Бәйімбеттің Сүгірәлісі Құрман, Таған атты байларының бейқам отырған тоғыз ауылын шауып, ер адамдарын өлтіріп, әйелдері мен бала-шағаларын, малдарын алдарына салып айдап кеткені қазір белгілі болып отыр. Бұл хабар көрші отырған Байбоз, Жамбоз ауылдарына суыт жетіп, олар көп қол жинақтауға мүмкіндігі болмай, сол бір-біріне жақын отырған аз ғана ауылдан қырық шақты қолына қару ұстаған адаммен жау соңынан тұра қуады. Қуып жетіп ұрысып, жау қолында тұтқында кетіп бара жатқан қатын-баланы, малды айырып қалады. Осы ұрыста қазақтар да біраз адамдарынан айрылады.

Осы қанды оқиға туралы айтулы ақын Жаманадай Нұрым Шыршығұлұлы «Тоғыз ауыл шабылғанда» немесе «Байбоз – Жамбоз» атты тарихи дастан жазған болса, осы оқиға болған уақытта әлі қызыл орамалды қыз бала, қанды қырғынның тікелей куәсі болған Қанапия Доспамбетқызы да осы жайында артына сөз қалдырып кеткені белгілі болып отыр.

Қанапия Доспамбетқызы – Бәйімбеттің Көрпе ауылынан, оның Маңғыбай атты баласынан Құлтас туған, Құлтастың баласы Доспамбет батыр осы қанды қақтығыста ерлікпен қаза тапқанда, артында бойжетіп қалған Қанапия мен алты жасар інісі Сақи жетім қалған. Қанапия қанды оқиғаны жырмен баяндап әкесіне жоқтау шығарған, Маңғыстау тарихының бізге жұмбақ болып келген бір бетін ашуға мүмкіндік туғызып кеткен.

Қанапия апамыздың кейінгі өмірі туралы деректер мен басқа туындылары әзірге қолымызда жоқ. Бірақ өлкеміздің тарихын қалпына келтіруге өлшеусіз үлес қосқан осы жоқтау өлеңі арқылы Маңғыстау ақын-жыраулары қалдырған асыл қазынаға қосылған сүбелі шығарма ретінде ұрпақтары қастерлейтін дүниеге айналары сөзсіз.

Қанапия апамыздың өмірі мен шығармашылық мұралары туралы білетіндерден деректер жинақтау ұрпақтарына парыз дей келе, бұл шығарманы қалың оқырмандарға жеткізе отырып, одан әрі ізденіс жасауға түрткі болармыз деп дәмеленеміз.»

Жетібай Жылқышыұлы

#қабиболласыдиықұлы #өлкетану 

: 09:35  


...

Жаңалыққа өту  

Тағы да басқа кітаптар біздің кітапханамызда.

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Әдеби кітаптармен танысқысы келетін,кітаптарды қызығушылықпен оқитын барлық оқырм

Жаңалыққа өту  

Уважаемые сотрудники библиотек, учителя,читатели. Эта книга рекомендована ...

Жаңалыққа өту  

Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы (швед. Nobelpriset i litteratur) — жыл сайын әдебиет ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! Әдеби кітаптармен танысқысы келетін,кітаптарды қызығушылықпен оқитын барлық оқырм

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу