Жас жазушы Ерболат Әбікенұлының “Пәтер іздеп жүр едік...”прозасы
«2021 Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау» жылы деп жарияланды
Жылдың негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру және отбасылық кітап оқудың дәстүрлерін қолдау. Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы Жасөспірімдер бөлімі қордағы жастарға арналған кітаптарды таныстыруды одан әрі жалғастыруда. Жас жазушы Ерболат Әбікенұлының “Жетоқсанның ызғары” атты кітабынан “Пәтер іздеп жүр едік...”прозасы. Прозадан үзінді: Табылмады емес, табылды-ау, әкесінің құнын сұрайды, тіпті делдал саған қарайтын емес, сөйлесу үшін де кезекке тұрады екенсің.
- Пәтер бар ма, апай?
-Бір қыз керек.
-Пәтер бар ма ,ағай?
-Бір жігіт керек.
-Апа, пәтер керек еді.
- Екі қыз керек.
- Келіншегім екеуміз тұрсақ бола ма?
-Болмайды, келіншегіңнің қасына бір қыз қос та, өзің басқасын жалда.
- Пәтер керек еді.
- Жас отау керек.
- Біз жас отаумыз, - қуанып кетіппін, дауысым шәңк етіп шықты.
-Онда естіп ал, елу мың теңгеден, жүз елу мың теңге үш айдың ақшасын алдын ала тапсырасың.
-Бөліп тапсырса ше?
- Онда барыңдар ары...
Ерболат Әбікенұлы - екі -үш әңгімесі мен-ақ жастар әдебиетіндегі өз орнын айқындап үлгерген жазушы.
Кітапты біздің кітапхана сөресінен таба аласыздар немесе @kazneb.kz сайтынан оқи аласыз #2021балаларменжасөспірімдердіңкітапоқужылы #маңғыстаукітапханасы
: 10:39Президент тапсырмасына сәйкес, биыл алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып атап өтілді. Осы мерекеде қазақ әдебиетін кеңінен наси
Жазушы Эльвира Жусупбекованың екі тілде шығарған «Ішкі жан дүниеңнің ...
2025 жылдың Өлке акциясы аясында ақын Сабыр Адайдың шығармаларын оқуға ұсынамыз!
Құрметті оқырмандар! Республикалық "Бір ел - бір кітап"-2025 акция аясында авторлардың шығармаларын бірге оқуға шақы
Ұзақ жылдар бойы басшылық қызметтерде болып, ел басқарған, Маңғыстау түбегінің түлеуі жолында түн ұйқысын төрт бөліп, маңдай терін төг
Ақын, журналист, жазушы, өлкетанушы Медет Дүйсеновтың кітаптарын оқуға ұсынамыз.
Маңғыстау түбегін түгел шарлап, өлкенің арғы-бергі тарихын талмай зерттеп жүрген ...
Өлке туралы тарихи, танымдық зерттеу, публицистикалық кітаптардың авторы, ...
Өлкетану қорынан: Әдебиетші-ғалым, ақын, журналист Қабиболла Сыдиықұлының бұл ...