Маңғыстау күйлерін насихаттаушы А. Жаңбыршымен кездесу кеші
28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында "Домбыраның қоңыр үні" атты өлке домбырашыларымен кездесу кеші өтті. Кештін құрметті қонағы: күйші-сазгер, педагог, орындаушы, өнер зерттеушісі, Маңғыстау күйлерін насихаттаушы Айтберген Жаңбыршы Әбілұлымен бірге Маңғыстау өнер колледжінің "Халық аспаптар" бөлімінің 1,3,4 курс студенттері келіп, күйші-композитор, домбырашы, сазгер, ақын Мұрат Өскенбайұлының "Жеңіс", "Маңғыстау", "Өрлеу", "Құдаша", "Аттаныс" т.б күйлерін орындап, күйшінің өмір жолынан, күйлерінің шығу тарихынан деректер айтып кетті. Өнер бөлімінің қызметкері Г.Егінбергенова қатысушыларға, №9 орта мектеп оқушылары мен, кітапхана қызметкерлеріне, А.Жаңбыршының құрастыруымен жарық көрген "Нарату", "Адайдың ырғамасы", "Мен қашанғы жүйрігің", "Қарасай, Қази" атты кітаптарын таныстырды.
15-ақпан күні облыстық кітапханасы өнер секторының ұйымдастыруымен ...
25-қаңтар күні облыстық кітапхана техникалық әдебиеттер бөлімінде майталман ...
24 қаңтар күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасында, Маңғыстаудың азаматы ...
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ...
Бүгін облыстық кітапханасында ҰОС ардагері, Жаңаөзен қаланың құрметті азаматы, ...
27 қыркүйек күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық ...
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...
11-наурыз күні Ш. Есенов атындағы Университетінде "ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ...
13 желтоқсан күні кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында ...