Еске алу кеші: Утежан Алшымбаев
Бүгін облыстық кітапханасында ҰОС ардагері, Жаңаөзен қаланың құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Өтежан Алшымбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші өтті. Кеш барысында оқушылар Өтежан Алшымбаевтың шығармашылығынан және мерейтой иесіне арнаған арнау өлеңдерін оқыды. Шара аясында Өтежан Алшымбаев туралы кітаптар мен фото-суреттер көрме ұйымдастырылды. Экраннан Өтежан Алшымбаевтың жастық шағы, қызметке келуі, шығармашылығы, өнерге құштарлығы мен елге сіңірген еңбегіне шолу көрсетілді.
"Қандай деңгейде, қай лауазымда еңбек етсе де Өтежан Алшымбайұлы мансап қумайтын, өмір ағымына сай қарапайым азамат екендігін көрсетті. Қандай жұмыс саласы болса да, ол халықтың ризашылығын алды, қолынан келгенше адамға жақсылық жасауға талпынды. Жақсының артында өнеге, азаматтық кейпі қалады. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен ел ағасы қызметін халқына арнады. Оның кескін-келбеті ел жадында уақыт өткен сайын биіктей береді. Өтежан Алшымбайұлының өмір жолы, еңбек жолы – кейінгі ұрпақтар үшін өшпес өнеге, үлкен ұлағат!" Айбек Қосуақов
Кешке үздік өлкетанушы, мемлекеттік қызмет ардагері Алқажан Еділхан, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбай, тарихшы, сәулетші Сайын Назарбекұлы қатысты.
30 қыркүйек күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде жергілікті ақын, журналист ...
Тәуелсіздік мерекесіне орай, Маңғыстау облысының әкімі С. Тұрымов Ә.Кекілбаев ...
«Туған жер – туған ел» базалық жобасы аясында 7 ақпан күні кітапханамыздың оқу ...
15 қаңтар күні кітапханамыздың балалар бөлімі кітапханашылары Маңғыстаудың ...
28 қараша күні кітапханамызда ақын, журналист Анар Шамшадиновамен кездесу өтті. ...
14 қараша күні күйші, жыршы, ақын Мұрат Өскінбайұлының туғанына 115 жыл толуына орай ...
Маңғыстаудың дүлділі, атақты күйші Сержан Шәкіраттың 80 жас толуына арналған ...
18 қыркүйек күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Мұрын жырау Сеңгірбекұлының ...
22 тамыз күні кітапханамызда «Маңғыстау медиа» телеарна және Қ. Сыдиықов ...
24 сәуір күні кітапханамызда "Маңғыстау дүлдүлдері" атты кездесу кеш өтті. Кештін ...