МАҢҒЫСТАУ ҒАШЫҚТАРЫ
18 қазан күні кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Кешіміздің кейіпкерлері осы Маңғыстау өңірінде өмір сүрген бір-біріне ғашық жандар: Ақбөбек пен Қайып, Ақшора мен Белтұрған, Қаработа мен Дөңқара, Асалы мен Көкетай еді.
Тыңдарман қауымға ерекше топтастырылған көрме ұйымдастырылды. Көрме әдеттегідей сөрелердегі қалың кітаптардан бөлек жіңішке жіппен өрілген, сонау 2005-2006 жылдары Маңғыстау газетінде жарық көрген жергілікті өнер танушы және мұражай қызметкері Отыншы Көшбайдың мақалаларымен топтастырылған. Жіңішке, жұқа – деген сөз тіркесі тегін алынбаған еді. Әрі әр мақаланың жанында сап алтындай көбелектер қонып отыр, бұл көбелектің қысқа ғұмыры іспеттес ғашықтардың қысқа өмірін баяндағандай болады.
Кешіне Маңғыстау өнер колледжінің және Мұрын жырау атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
26 маусым күні кітапханамызда жасөспірім бөлімі қызметкерлерінің ...
Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай ...
24 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында батыр ...
16 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторының ...
4 мамыр күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Маңғыстау зергері Оразов ...
17 сәуір күні кітапханамызда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...
Кітапханамызда Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының қоғамдық ...
6-наурыз Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда "Естен кетпес есімдер" атты әнші, ...
Наурыздың 2-жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханамызда ...