Маңғыстау күйлерін насихаттаушы А. Жаңбыршымен кездесу кеші
28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында "Домбыраның қоңыр үні" атты өлке домбырашыларымен кездесу кеші өтті. Кештін құрметті қонағы: күйші-сазгер, педагог, орындаушы, өнер зерттеушісі, Маңғыстау күйлерін насихаттаушы Айтберген Жаңбыршы Әбілұлымен бірге Маңғыстау өнер колледжінің "Халық аспаптар" бөлімінің 1,3,4 курс студенттері келіп, күйші-композитор, домбырашы, сазгер, ақын Мұрат Өскенбайұлының "Жеңіс", "Маңғыстау", "Өрлеу", "Құдаша", "Аттаныс" т.б күйлерін орындап, күйшінің өмір жолынан, күйлерінің шығу тарихынан деректер айтып кетті. Өнер бөлімінің қызметкері Г.Егінбергенова қатысушыларға, №9 орта мектеп оқушылары мен, кітапхана қызметкерлеріне, А.Жаңбыршының құрастыруымен жарық көрген "Нарату", "Адайдың ырғамасы", "Мен қашанғы жүйрігің", "Қарасай, Қази" атты кітаптарын таныстырды.
Маңғыстау облысы əкімінің қолдауымен, облыстық мəдениет басқармасының ...
Кітапханамыздың «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған» ...
Кітапханамызда жасөспірім бөлімінің ұйымдастыруымен желтоқсан куәгерлерімен ...
16 қараша күні балалар бөлімінде Жерлесіміз, талантты балалар ақыны, Көмек ...
8 қараша күні өнер бөлімінде "Мың бояулы Маңғыстау" атты әңгіме сағат өтті. Әңгіме ...
18 қазан күні кітапханамыздың оқу залында «Маңғыстау ғашықтары» атты ...
26 маусым күні кітапханамызда жасөспірім бөлімі қызметкерлерінің ...
Маңғыстаудың мақтанышы - Шамшадин Сабытаевтың туғанына 80 жас толуына орай ...
24 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында батыр ...
























