Әдеби – музыкалық қонақжайымызда...
2015 ж. 15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық қонақжайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері Ж.Нәжімеденовтың туғанына 80 жыл және композитор,Қазақстанның халық әртісі Ш.Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл толуына орай кеш ұйымдастырылды.
Қонақжайымыздың сыйлы қонағы етіп ҚР мәдениет қайраткері, Маңғыстаудын бірінші кәсіби әншісі Нұрияш Оспанованы шақырылды. Сонымен қатар кешке Маңғыстау гуманитарлық колледж студенттері,Маңғыстау өнер колледжінің «Хореография», «Хор дирижері», «Ән салу», «Домбырамен ән салу» бөлімдерінің студенттері мен Дүние жүзі музыка әдебиеті пәнінің мұғалімі Джумашева Рабиға, кітапханашы Круглова О.,№6656 әскери бөлімінің сарбаздары да қатысты. «Ақтау ақпарат» телеарнасы, «Маңғыстау» газетінің тілшілері де қатысты.Қонақжайымызда поэзия мен музыка әлемін ұштастырғандықтан ақын Ж.Нәжімеденовтың өлеңдері,композитор Ш.Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Кеш қонағы әнші Н.Оспанова және кешке қатысушылар бірігіп Ш.Қалдаяқовтың бірнеше әнін орындады. Өнер бөлімінің кітапханашысы Нағашыбаева Р. ақын Ж.Нәжімеденовтың , Ш.Қалдаяқовтың өмірбаянын тартымды баяндап берді, екеуінің ортақ туындысы «Менің Қазақстаным» әнінің шығу тарихымен таныстырды. Ш.Қалдаяқовтың – «Цыган серенадасы», «Арыс жағасында» әндерінің туу тарихымен таныстырылды. Ж.Нәжімеденов творчествосынан – Аспан шақырады кітабында ; әңгімелер,хикаяттар,мақалалары жарияланғанын қысқаша атап өтті. «Ей,жас өмір», «Тер», «Сымдар», «Шағыл», «Теңіз» өлеңдері оқылды.Кеш тартымды өтті.
28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында ...
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 ақпан күні ақын, педагог Орақ ...
Елбасының " Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" макаласының аясында Қабиболла ...
24 қаңтар күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Орынбай ...
Бүгін яғни 23 қаңтар күні, Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
Маңғыстаудың төл тумасы, өз заманының көрнекті тұлғасы, Бейнеу ауданын алғаш ...
29 қараша күні, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі. Ұлттық мәдениет – рухани ...
Ер Қосай Құдайкеұлы (1507 – 1594) – халық батыры, Маңғыстау қазақтарының орта ...
16 маусым күні ұстаз Ордалы Қосайдың "Кешені көрсін бүгінгі" атты оқырмандар ...
10-маусым жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні Ақтаудағы «Өрнек» сән үйінің ...