Симфониялық шалқу
29 қараша күні, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі.
Ұлттық мәдениет – рухани болмыс
Қазақ халқының көнерген ұлттық аспаптарын таныстыру, насихаттау мақсатында кітапханамызда қобызшы Г. Баязитованың туғанына 100-жыл толуына орай «Симфониялық шалқу» атты кеш өтті. Қоңыр үнді қобыз - қиялына қанат бітіріп, арманның көкжиегін алысқа жетелейтін өлмес киелі аспап. Сондықтан да болар, орындаушылардың асыл арманы өнердің өрісінен кең орын алып, биіктен көрініп жүргені. Қобызда ойнау өнерінің тәсілдерін байытып, Гүлнәфис Баязитова дәстүрлі музыкалық аспаптың мүмкіндіктерін арттырды. "Өнер" бөлімінің кітапханашысы Райхан Амангельдықызы кешке келген оқырмандарға қобызшының творчестволық өнер жолымен, "Қобыз үні " атты кітап көрмесін таныстырды. Кешіміздің құрметті қонағы, Маңғыстаудың қобызшысы, Республикалық фестивальдар мен байқаулардың лауреаты, ҚР Білім миністірлігінің Құрмет грамотасының иегері Хадиша Балапашева мен шәкірттері, Маңғыстау өнер колледжінің студенттері, қобыз күйлерін орындады.
16 мамыр күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторының ...
4 мамыр күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Маңғыстау зергері Оразов ...
17 сәуір күні кітапханамызда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...
Кітапханамызда Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағының қоғамдық ...
6-наурыз Ұлттық өнер күніне орай кітапханамызда "Естен кетпес есімдер" атты әнші, ...
Наурыздың 2-жұлдызында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында кітапханамызда ...
28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында ...
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 14 ақпан күні ақын, педагог Орақ ...
Елбасының " Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" макаласының аясында Қабиболла ...
24 қаңтар күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Орынбай ...





















