Кітапханадағы кездесу: Темір Мыңжас
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ақын Темір Мыңжастың 70 жасына орай "Өмірін жырмен тербеткен" кездесу кеші өткізілді. Кешке облыс әкімінің орынбасары Ұ. Тналиев, Е. Іңірбай, Ө. Көшбай, Ү. Жәлеке сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Темір Мыңжас - өлке жұртшылығына белгілі ақын, журналист ретінде танымал. Ақынның "Бойтұмар", "Атамекен", "Жүрек сөзі", "Сені іздедім", "Аққайын жылап тұр", "Жыр бақыты", "Күншуақ" атты кітаптары және екі томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. 30-ға жуық ән мәтінінің авторы. Мұнан басқа ақын шығармалары "Қарлығаш", "Қос ішек - Струны души", "Бекет ата", "Дала данасы", "Жыр моншақ", "Кәусар бұлақ" сынды оннан астам ұжымдық жинақтарға, "Жыр маржаны" атты он томдық поэзия антологиясына енді.
23- сәуір Бүкіләлемдік кітап мерекесі. Бұл күні авторлармен кездесіп жыр кешін ...
ХҮІІІ ғасырда Маңғыстау өлкесінде Адайлардың түпкілікті қоныстана бастауында ...
Ақбөбек-Қайып оқиғасы Маңғыстау жұртшылығына жақсы таныс. Ол жөнінде мың ...
23 ақпан күні оқу залында қазақстандық және бұрынғы советодағының кино және театр ...
2017 жылдың 17 ақпан күні Облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында Халықаралық ...
Ақпанның 7-жұлдызында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ...
Жасөспірім бөлімінің қызметкерлердің ұйымдастыруымен ХХ ғасырдың ең үздік 10 ...
Кеңестік және қазақстандық әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның ...
Әбіш Кекілбайұлы (6 желтоқсан 1939 жыл, Оңды ауылы, Маңғыстау облысы - 11 ...
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек ері, халық ...