Шығармашылық кеші: Ислам Жеменей
27 қыркүйек күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, шығыстанушы ғалым, Қазақстанның Мәдениет қайраткері, Халықаралық Жазушылар «Pen klub» мүшесі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ислам Ақмұратұлы Жеменейдің шығармашылық кеші өтті.
Алғашқы құттықтау сөз Маңғыстау облысының әкімі Ноғаев Нұрлан Асқарұлына берілді.
Кештің құрметті қонақтары, қоғам қайраткерлері, Маңғыстау облысының құрметті азаматтары Айдарханов Тергеу, Нәбиев Жауғашты, дәулескер күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сержан Шәкіратов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, арынды ақын, Ақтау қаласының құрметті азаматы Сабыр Адай, тарихшы Мұханбеткәрім Қожырбайұлы, ғалым, аудармашы Нияз Тобыш, Абдолла Қарау сөз алып, ғалымды 70 жас мерейтойымен құттықтап, Қазақ елі мен Иран елінің мәдени және ғылыми қарым-қатынасына үлкен үлес қосқан Ислам Жеменейдің ерен еңбегі туралы айтып өтті.
Кешке өлке зиялы қауым өкілдерімен бірге ұстаздар, студенттер, оқушылар да қатысты.
Астанада 1-2 қазанда Ақтөбе мен Маңғыстау облыстарының мәдениет күндері өтті.. ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында "Маңғыстау облысы ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және ...
Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлдарының бірі, Қазақстан Республикасының ...
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында Ұлт тәуелсіздігінің ...
17 қараша күні оқу залында Ұлағатты ұстаз, "Республика халық ағарту ісінің озық ...
22 қазан күні оқу залында "Әруағыңнан айналайын Ер Бекет" атты әңгіме Бекет ...
2015 ж. 15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде 23 қыркүйек күні қалалық жастар ұйымы ...