Жазушы, өлкетанушы Кенжебек Сержанұлымен кездесу кеші
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының арнаулы бөлімі Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы әрі өлкетанушы Кенжебек Сержанұлының кездесу кешін өткізді.
Шығармашылық кештің мақсаты - қазақ әдебиетінің жаңа ғасырға тоғысқан толқынды сәттерінде қазақ ұлтының қаншама дарынды жастары шығуына қарамастан, олардың шығармаларымен бүкіл дүйім жұртты таң қалдыру, шығармашылық жұмыстарымен таныстыру. Сондай дарынды жастардың бірегейі жас ақын Кенжебек Сержанұлының балалық шақтан болашаққа қадам басар тұсында қазақ әдебиетіне, поэзия әлеміне өзіндік үлесін қосып келе жатырғанынан хабардар ету.
Кенжекбек Сержанұлы – қойнауы құпияға толы қасиетті мекеннің өшпес байлығын зерттеп, зерделеп, оны халыққа таныстырып жүрген жас өлкетанушы.
Өлкетану – тек өткенді қазбалау емес, ол – елдің рухани жадын тірілту, ұлттың тамырын тану. Туған жердің тарихы мен табиғатын, киелі орындарын, тұлғаларын зерделеу арқылы біз өзімізді танимыз. Осы жолда ғылыми жолға түскен өлкетанушы ұлт алдындағы міндетін, жауапкершілігін кеңінен айтып өтті.
Жас ақын - Республикалық «Еліме арнау» конкурсының, Маңғыстау облыстық «Болашақтағы пошта» сайысының т.б. байқаулардың жүлдегері. «Еліме арнау» облыстық байқауының «Жас тілші» номинациясының иегері.
2012 жылы «Табысты сайлау науқаны үшін» Құрмет белгісі, «Перуаш Кәрімұлына 100 жыл», «Қожаберген жырауға 350 жыл» мерейтойлық медалдарымен, «Нұр Отан» партиясының және Маңғыстау облысы әкімінің, Ақтау қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталып және «Бейбіт елдің ұланымын», «Ғибратты ғұмыр», «Қалнияз едім күнінде» т.б. атты кітаптардың авторы.
Шара соңында кітапхана қызметкері Марзия Жаилханқызы ақынның «Мен елімнің самғап ұшар қыраны» өлеңін оқып, кітап көрмесіне шолу жасады.
Жазушыға оқырмандар сұрақ қойып, кері байланыс жасалды.
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің өнер секторында Ұлт тәуелсіздігінің ...
17 қараша күні оқу залында Ұлағатты ұстаз, "Республика халық ағарту ісінің озық ...
22 қазан күні оқу залында "Әруағыңнан айналайын Ер Бекет" атты әңгіме Бекет ...
2015 ж. 15 қазан күні Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық ...
Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде 23 қыркүйек күні қалалық жастар ұйымы ...




















