«Дүйім елдің ардақтысы, айбары» - Дүйсембі Әріпұлы
24.02.2023 жылы ҚР Журналистер одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Маңғыстау облысының, Ақтау қаласының, Даллас(АҚШ) қаласының және Бейнеу ауданының «Құрметті азаматы» Дүйсембі Әріпұлының 90 жылдығына орай кітапханамызда «Дүйім елдің ардақтысы, айбары» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тналиев Ұлықбек Серікұлы, Өмірзақ Озғанбаев облыстың мемлекеттік қызметкерлері мен өлкенің зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мемлекет қайраткері Д.Әріпұлы туралы тағылымды әңгімелер, тамаша естеліктер айтылды. Әнші Айнұр Омарова, А.Тарақұлы атындағы өнер мектебінің оқушысы Шакхат Аслимова, М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының қызметкері Қайсар Жамбылұлы арнайы келіп өнер көрсетті. Д.Әріпұлының немерелері Ғалымқызы Рухсана мәнерлеп өлең оқып, Лаура Әріп атасына арнау ән орындап көптің көңілінен шықты. Сонымен бірге, кітапхана оқырмандарынан құралған «Жігер» клубының мүшелері Дархан Шаңытбаев пен Руслан Нұрлыбаев абыз ақсақалға шығарылған арнау өлеңдер оқыды. Іс-шара аясында «Кітап – менің егізімнің сыңары» атты көрме жасалды. Бұған қоса, Д.Әріпұлының жеке кітапханасы мен мұрағатынан алынған мұралар «Алтын қолтаңба» атты көрмеге бөлек қойылып, көпшілікке таныстырылды. Ел ағаларының қолтаңбасы қойылған (Д.Қонаев, Қ.Тоқаев, М.Атымов, Қ.Сыдиықов, т.б.) бұл құнды кітаптар мен Дүйсембі ақсақалдың қолжазбалары уақыт өткен сайын бағасы арта түсетін қымбат қазына деп білеміз. Еске алу кешіне келген барша қонақтарға, артында қалған жәдігерлерін көздің қарашығындай сақтап отырған отбасына алғыс айтамыз!
4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының ...
Өлкеміздің жыршы, домбырашысы Әлқуат Қожабергенұлының 115 жылдығына орай «Қолыма ...
Тарихшы,Өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Түбек ...
Елордада Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. ҚР Ұлттық ...
8 қазан күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында «Бір өлке – бір тұлға» ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының арнаулы ...
Поэзия – әлемдік өмірдің қан тамырының құштарлықпен шиыршық ата соғуы, сол ...
26-маусым күні облыстық кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц ...
ХАЛҚЫ ҰНАТҚАН ҚАҒАЗОВ «Қазақстан десек — Қонаев, Маңғыстау десек — Қағазов ...
28 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында "Қыз ...







__84aadcba0a36fc5f847c5762e3cb87cb.png)

















