• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Ұмытылмас кездесулер

Әдеби – музыкалық қонақжайымызда...

2015 ж. 15 қазан күні  Өнер бөлімі «Екі өмір,екі тағдыр» атты әдеби – музыкалық қонақжайда  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнүранының (мәтіні) авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері  Ж.Нәжімеденовтың туғанына 80 жыл және композитор,Қазақстанның халық әртісі Ш.Қалдаяқовтың туғанына 85 жыл толуына орай кеш ұйымдастырылды.

Қонақжайымыздың сыйлы қонағы етіп   ҚР мәдениет қайраткері, Маңғыстаудын бірінші кәсіби әншісі Нұрияш Оспанованы шақырылды. Сонымен қатар кешке Маңғыстау гуманитарлық колледж студенттері,Маңғыстау өнер колледжінің «Хореография», «Хор дирижері», «Ән салу», «Домбырамен ән салу» бөлімдерінің студенттері мен Дүние жүзі музыка әдебиеті пәнінің мұғалімі Джумашева Рабиға, кітапханашы Круглова О.,№6656 әскери бөлімінің сарбаздары да қатысты.    «Ақтау ақпарат» телеарнасы, «Маңғыстау» газетінің тілшілері де қатысты.Қонақжайымызда  поэзия мен  музыка әлемін ұштастырғандықтан ақын Ж.Нәжімеденовтың өлеңдері,композитор Ш.Қалдаяқовтың әндері шырқалды. Кеш қонағы әнші Н.Оспанова және кешке қатысушылар бірігіп  Ш.Қалдаяқовтың бірнеше әнін орындады. Өнер бөлімінің кітапханашысы Нағашыбаева Р. ақын Ж.Нәжімеденовтың , Ш.Қалдаяқовтың өмірбаянын  тартымды баяндап берді, екеуінің ортақ туындысы «Менің Қазақстаным» әнінің  шығу тарихымен таныстырды. Ш.Қалдаяқовтың – «Цыган серенадасы», «Арыс жағасында» әндерінің туу тарихымен таныстырылды. Ж.Нәжімеденов творчествосынан – Аспан шақырады кітабында ; әңгімелер,хикаяттар,мақалалары жарияланғанын қысқаша атап өтті. «Ей,жас өмір», «Тер», «Сымдар», «Шағыл», «Теңіз»  өлеңдері оқылды.Кеш тартымды өтті.         



4-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында Түркі ғылыми мифологиясының ...

Жаңалыққа өту  

Өлкеміздің жыршы, домбырашысы Әлқуат Қожабергенұлының 115 жылдығына орай «Қолыма ...

Жаңалыққа өту  

Тарихшы,Өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Түбек ...

Жаңалыққа өту  

Елордада Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдығына арналған әдеби кеш өтті. ҚР Ұлттық ...

Жаңалыққа өту  

8 қазан күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында «Бір өлке – бір тұлға» ...

Жаңалыққа өту  

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының арнаулы ...

Жаңалыққа өту  

Поэзия – әлемдік өмірдің қан тамырының құштарлықпен шиыршық ата соғуы, сол ...

Жаңалыққа өту  

26-маусым күні облыстық кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц ...

Жаңалыққа өту  

ХАЛҚЫ ҰНАТҚАН ҚАҒАЗОВ «Қазақстан десек — Қонаев, Маңғыстау десек — Қағазов ...

Жаңалыққа өту  

28 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасында "Қыз ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу