• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

"Туған жер" бағыты бойынша

2025 жылы өлкетану бөлімінде өткізілген іс-шаралары

15 қаңтар күні Өлкетану залы Халық әншісі, күйші А.Тарақұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Алашқа аты мәлім Абыл күйші» атты онлайн ақпарат берілді. Күйші, Маңғыстау домбырашылық мектебінің негізін салушы. Жастайынан ән мен күйді серік етіп, Боғда,Қошқар сынды күйшілерді өзіне ұстаз тұтқан. Олардың күйлерін үйреніп қана қоймай, бертін келе өзі де күй шығарып, орындаушылық күйшілік өнерімен танылған Абыл Тарақұлына әлеуметтік желіде  ақпарат жарияланды.            https://www.instagram.com/reel/DEzpoJzN7CY/?utm_source=ig_web_copy_link

12 ақпан Өлкетану залында қоғам қайраткері Шабаз Иманалиевтің 85 жылдығына  «Азамат боп ғұмыр кешкен жан» атты еске алу кеші өтті. Шабаз Иманалиевтің  рухына арналған бұл кеш -  оның шығармашылық мұрасын дәріптеу мен болашақ ұрпаққа насихаттаудың жарқын үлгісі болды. Жиналғандар оның еңбегіне деген құрметін білдіріп, өмір жолынан тағылым алды. Шара барысында  «Ғибратты ғұмыр» атты көрме ұйымдастырылып, өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді. 

21 ақпан күні Өлкетану залы Маңғыстаудағы дәстүрлі күйшілік ортаның көрнекті өкілі - Есір Айшуақұлының 185 жылдығына «Көне күннің күмбірі» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырды. Шара барысында күйшінің өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Ақын, композитор Көмек Ыбырайұлы, күйші Роза Тайманқызы, Маңғыстау облыстық филармониясының күйшісі Майлыбай Қайсар аталған іс-шараға арнайы келіп, Есір атамыз жөнінде жақсы әңгімелерайтты, автор шығармаларының шығу тарихын айта отырып күйден шашу шашты. 

17 сәуір күні Өлкетану залы Ұлы тұлға — Бекет атаның өмірі мен діни-ағартушылық қызметін насихаттау, өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Іс-шара барысында қатысушыларға Бекет атаның өмірі мен қызметі туралы деректі мәліметтер ұсынылып, оның діни-ағартушылық рөлі мен ел ішіндегі тарихи орны туралы баяндалды. Имам Әнуар Елжан қатысушылармен рухани сұхбат жүргізіп, Бекет атаның ислам діні мен ел бірлігін нығайтудағы еңбегі туралы терең мағыналы ойларымен бөлісті. Іс-шара жастардың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, дін мен дәстүр сабақтастығы жайлы түсінігін кеңейтті.

19 сәуір күні Өлкетану залы өлкенің белгілі сатирик – журналисті Қожахмет Демеубергенұлының 75 жасына «Сатира саңлағы» атты онлайн ақпарат ұсынды. Онлайн форматтағы  материалдарда оның сатира саласына қосқан үлесі, елге танымал туындылары мен баспасөздегі қызмет жолы қамтылды.  https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DI86sgPs2r7/

29 сәуір күні Өлкетану залы «Бір өлке – бір тұлға» акциясы аясында ақын Сабыр Адай шығармашылығы таңдалып алынды.Ақынның шығармашылығына арналған «Әр қазақ - менің жалғызым» кітап көрмесі жыл бойы жаңартылып, әдеби кештер мен оқырман сағаттарымен толықтырылып отырады.Кітап көрмесі тұрақты жыл бойы жұмысын жалғастырады. Сабыр Адайдың шығармаларын дәріптеп,  жас ұрпаққа  туған өлкенің көрнекті тұлғаларын таныстыру. Көрме Ш.Есенов атындағы университеті, «Болашақ» колледжі студенттеріне және  «Шыңырау» әдеби клуб мүшелеріне таныстырылымы өтті. 

1 тамыз - Өлкетану залы  құрылысшы – кәсіпкер  Ұлболсын Ахметова  70 жасқа толуына орай баспасөз беттерінен алынған материалдар мен  марапаттарынан көрме жасақталды. Мақсаты: «Құрылыс-ел экономикасының локомотиві» Бұл – құрылысшыларымыздың еңбегіне берілген зор баға десек те болады. Әсіресе тұрғын үй бағдарламаларын іске асырудағы құрылысшылардың қолтаңбасын ерекше атап айтуға болады.Сол әдемі құрылыстардың бой көтеруіне үлес қосқан тұлғалардың арасынан Ахметова Ұлболсын Жүзбайқызының есімі жарқын аталады. Даңқты құрылысшы, шебер кәсіпкер Ұлболсын Ахметованың  өмірі, елге сіңген еңбек жолы келген құрметті қонақтарға таныстырылды. 

25 қыркүйек - Өлкетану залы  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, ақын Сұлтанбек Құдайбергеннің «Жан шырағы» атты жаңа кітабының тұсаукесерін ұйымдастырды. Ақынның тағы бір жыр жинағы оқырманға жол тартты. Бұл кітапта соңғы кезде жазылған өлеңдері мен аудармалары енген. Жыр сүйер тұрақты  оқырмандарын арналған керемет туынды.Шара барысында автор өлеңдерін оқып, қонақтар ән шашуларын арнады. Шараға өлке қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері, өлең сүйер бір топ оқырмандар қатысты. 

https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DPA1rDVCK02/

 

 

: 15:23  


8 қазан күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында «Бір өлке – бір тұлға» ...

Жаңалыққа өту  

27 ақпан күні жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Ұстаз ұлағаты» атты ...

Жаңалыққа өту  

15 қаңтар күні Өлкетану залы Халық әншісі, күйші А.Тарақұлының туғанына 205 жыл ...

Жаңалыққа өту  

Өлке туралы тарихи, танымдық зерттеу, публицистикалық кітаптардың авторы, ...

Жаңалыққа өту  

Биылғы жылы өлкелік акциясы аясында ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін, 20-қаңтар күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде ақын, сазгер Ерекен ...

Жаңалыққа өту  

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау ...

Жаңалыққа өту  

⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...

Жаңалыққа өту  

"Бір өлке - бір тұлға" өлкетану акциясы аясында Маңғыстаудың бір туар азаматы, ...

Жаңалыққа өту  

11-наурыз күні Ш. Есенов атындағы Университетінде "ЖАЛАУ МЫҢБАЕВ - МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу