«Шертпе күйдің шебері»
Кітапханамыздың «Өнер» бөлімі тарапынан «Шертпе күйдің шебері» атты күйші Сүгір Әліұлының туғанына 135 жыл толуына орай сазды кеш ұйымдастырды.Кеш барысында Сүгір Әліұлы туралы мәлімет берілді, оның осы күйшілік қабілетінің Қыдыр атаның батасы арқылы енгені, оның қарапайымдылығы өр тұлғалы күйші тыңдауға қабілетті ортада өнерін тамсандыра алатындығы сөзге тиек болды.
Атамыздың «Қосбасар» күйінің тарихы баяндалды. «Бес жорға» күйінің шығуы, Мақпруза қызбен күй сайысы баяндалды.Байдың ерке қызы Мақпруза нағыз күйші еді, бірақ сайыс соңында Сүгір атамыздың күрделі, қиыннан қиыстырған сарынды бірден көңіліне тоқи алмай, тосылғанын көпшілікке айтып береміз.
Сонымен бірге сазды кешімізге келген жастар күй әлеміне саяхат жасап, әсем домбыраның үнімен Маңғыстау «Өнер» колледжі студенттері : Артықов Жаннат, Құдайбергенов Нұрғиса, Айбек Шерғали, Жетібаев Алмас көрермендерді тәнті етті.
«Ауылға Сүгір келді деп» әні екі атамыздың екі түрлі жырын бір әуенге салған, сазы Сүгірдің жиені Омардың Ноғайлық әуені жырларын орындайтын әуені, ендеше « Ауылға Сүгір келді» деп, Сүгірдікі, «Әлеумент келдің алқалай», Елбайдыкі болатын.Бұл Амандық Көмекұлының бізге жеткізген тәсілі, яғни сол өнерпаздың әуен мен сазды екі атамыздың екі түрлі жырын бір әуенге қосқан осы кісі, одан біздің өнеріміз жойылып кеткен жоқ, қайта басқа түрге енді.Отырған жастар қауымына жұғысты болсын деген ниетпенен түрік әуені қосылған және өзіміздің тарапымыздан қосарымыз Сүгір Әліұлына арналған сазды кешімізде өзіміздің батыстық Сүгір Бегендікұлыменен шатыстырып алмауына толық мәлімет айтылды.
- <iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/NIB5hDgZj6Y" frameborder="0" allowfullscreen></iframe>
2025 жылғы желтоқсан айында Маңғыстау креатив алаңында ұйымдастырылған ...
2025 жылғы 4 желтоқсан күні кітапхана қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін ...
Оқырмандардың ақпаратқа қолжетімділігі мен қажеттіліктерін орындауда, ...
Облыстық кітапханасының Маңғыстау креатив алаңында 3 қараша күні құқықтық ...
Қазіргі уақытта дүние жүзінің барлық өнеркәсібі дамыған елдерінде энергияны ...
Облыстық кітапханасының Маңғыстау креатив алаңында әдеби-мәдени клубтарының ...
2025 жылдың 6 қарашасында Облыстық кітапханасының Маңғыстау Креатив Алаңында ...
20 қараша күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау обылыстық әмбебап ...
13 қараша Халықаралық зағиптар күніне орай Қазақ Зағиптар қоғамының дәстүрлі ...
27 қараша күні облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінде «Бір ел – бір ...

























