"Қоғамға қызмет" жобасы
2025 жылдың ақпан айында Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы және Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті арасында өзара ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту мақсатында Меморандум жасалды.
Меморандум аясында «Қоғамға қызмет» жобасы іске асты.
"Қоғамқа қызмет" жобасы бойынша университет студенттерінің 4 тобы кітапхана бөлімдерімен бірлесіп түрлі форматта іс-шараларды ұйымдастырып өткізді.
Олар: ЭТНО-МӘДЕНИ БАҒЫТ; этно-мәдени бағыттағы қоғамға қызмет көрсету бірнеше маңызды мақсаттарды көздейді: Брайль қарпімен жазылған кітаптармен таныстыру. Дауыстап кітап оқу іс-шараларын өткізу. Ерекше қажеттіліктері бар оқырмандарға көмек көрсету.
ЗИЯЛЫ ҰРПАҚ; әдеби клуб ашу, қазақ әдебиеттерін насихаттау, ойлау, талдау қабілеттерін дамыту, пікір алмасу мәдениетін қалыптастыру. Балалар үйімен бірнеше іс-шара ұйымдастыру. Балаларға кітапқа қызығушылық тудыру үшін танымал кітаптардан үзінділер оқу. Интерактивті ойындарды дайындап, өткізу. "Біз, салауатты жастар үшін!" шара өткізу.
ОЙ ОРДА КОМАНДАСЫ: қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты дамыту және мәдени-ағартушылық іс-шараларды кеңейту көзделеді - "Тарих және болашақ" куиз ойынын ұйымдастыру; Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне жастардың нашақорлыққа бармауына түрлі кітаптарды насихаттау; Кітап туралы қысқа фильм конкурсын ұйымдастыру; Ашық микрофон өткізу.
ҚОҒАМҒА ҚЫЗМЕТ командасы: зағип жандарға арналған аудиожазба дайындау, балаларға “Қызыл кітап” туралы ақпарат беру, дәрігермен сұхбат ұйымдастыру, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру аясында түрлі форматта іс-шараларды өткізу.
Осы бағыттар бойынша ақпан-сәуір айлары аралығында университет студенттерінің белсене қатысуымен облыстық кітапханада түрлі форматта іс-шаралар өтті.
Университет оқытушысы Арашова Набат Қожабілмесқызының айтуынша "Қоғамға қызмет" жобасы күзгі айларында да өз жалғасын табады.
Кітапханамызда 12-16 желтоқсан күндерінде 16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай ...
2 желтоқсан күні конференц залында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ...
Бүгін облыстық кітапханасында ҰОС ардагері, Жаңаөзен қаланың құрметті азаматы, ...
Облыстық кітапханада Саламат Мұқашевты еске алу кеші өтті. Басқосуда еліміздің ...
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ МЕРЕЙІ МЕН ДЕҢГЕЙІ, ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ӨРКЕНІН ӨСІРУДЕ ...
Құрметті оқырмандар! Кітап қорымыз жаңа кітаппен толығуда. 19 қазан күні ...
Техникалық әдебиеттер бөліміне қыркүйек айының 15 жұлдызы күні N 25 мектептің ...
14 қыркүйекте "Мейірбике" жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында ...
16 қыркүйек күні облыстық кітапханасында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби ...
Облысымызда отбасы күніне орай кимешек киген аналар шеруі ұйымдастырылып, ...