Халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастық
30-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында Иран Ислам Республикасының елшілігі кітаптарды сыйға тарту рәсімін өткізді. Салтанатты шараға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, құрметті қонақтар және кітапхана оқырмандары қатысты. Іс-шара барысында Шетел әдебиеттер залында Иран әдебиеттері бұрышы ресми түрде ашылып, жаңа сөрелерге қойылған кітаптар оқырмандарға таныстырылды.
Сонымен қатар, шара аясында ұлы парсы ақыны Фирдоусидің шығармашылығы мен мұрасы туралы естеліктер айтылды. Иран делегациясы өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдірді.
Бұл шара – халықтар арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.
Барлық оқырмандарды Иран әдебиетінің бай мұрасымен және Фирдоуси шығармаларымен танысуға шақырамыз!
Бүгін елімізде Абай күні аталып өтеді. Еске салайық, 2020 жылдың 4 тамызында ...
Биыл Алаш жұртының әйгілі перзенті, ғұлама ғалым, ақын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп ...
6-шілде - Елордамыздың туған күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету ...
Ұлттық домбыра күні аясында "Домбыра күні - ұлттың үні" атты әдеби-сазды кешіміз ...
6-маусым күні облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінің ...
Облыстық кітапханасының балалар бөлімі 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау ...
31 мамыр – Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Тәуелсіздік ...
Бүгін 24 мамыр күні Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының техникалық ...
ХАЛҚЫ ҰНАТҚАН ҚАҒАЗОВ «Қазақстан десек — Қонаев, Маңғыстау десек — Қағазов ...
12-мамыр күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық белгілі ...
























