Оқырмандар конференциясы.
27 қыркүйек күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Республикалық «Бір ел – бір кітап» -2019 акциясы аясында таңдалған екі кітаптың бірінің авторы ұлы заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша оқырмандар конференциясы өтті. Мақсаты: ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау. Шараға Ақтау есептік-технологиялық колледжінің студенттері мен кітапхана жанынан құрылған "Жігер" шығармашылық клубының жастары қатысты. Конференцияда роман жан-жақты талқыланып, оқырмандар өзіндік ой түйіп қорытындылады. «Талантты қазақ прозаигі Әбіш Кекілбаев мифологиялық системалар мен структураларды игеру арқылы өткен мен бүгінгінің маңызды мәселелерін қозғай білген. Бұл кітап - ойшылдықтың жоғарғы сатысынан қарағанда да, аңыз-әңгімелер мен бүгінгі күннің, өткен мен бүгінгі күндер тәжірибесінің қорытпасы, осы компоненттердің барлығы (әрине, мұның ішінде прозаиктің таланты да бар) қосыла келе, біздің пікірімізше, бұл шығармалардың мазмұнын ғана байытып қоймай, оның көркемдік қасиетін де арттыра түскен». Ш. Айтматов
Сарсенбаева Г.М. Жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі.
15 қараша күні кітапханамыздың конференц залында «Ұлттық валюта – төл теңге» ...
АБЫЗДЫҢ АБЫЗДЫҒЫН АЙҚАРА АШҚАН қаламгер, майталман мәдениеттанушы Сауытбек ...
18 қазан күні "Тәуелсіздік керуені" акциясы аясында кітапханамыздың кітап қорын ...
30 қыркүйек күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде жергілікті ақын, журналист ...
2022 жылы еске алынатын күндердің ...
Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Жасөспірім ...
"Парасат жолы" жобасы аясында Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, жазба қазақ әдебиетінің ...
"БАЛА ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ" атты балалар ақыны Көмек Ыбыраймен кездесу кеші 1 ...
Буккроссинг жаңалықтары: Осы, және басқа да кітаптарды қала кафелерінде ...
6 мамыр күні Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Панфилов дивизиясының ерлігіне ...