Жас кітапханашыларға арналған алғашқы республикалық хакатон
Алматыда Ұлттық кітап күніне орай алғашқы республикалық кітапханалық хакатон ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Alatau Creative Hub орталығында өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген жас кітапханашыларды біріктірді.
Маңғыстау облыс кітапханаларының кітапханашылары да бұл шараға белсене қатысты.
Хакатон қатысушылары кітапхана саласын дамытуға бағытталған жобалар мен идеясын таныстырды. Алматылық жас мамандар қала әкімдігінің қолдауымен Оңтүстік Корея, Швейцария, Германия, Финляндия, Эстония және Швеция елдерінде халықаралық тағылымдамадан өтіп, шетелдік үздік тәжірибе мен оларды жергілікті жағдайға бейімдеу тәсілін айтты.
Алғашқы хакатон жас кітапханашылардың кәсіби дамуы жолындағы маңызды қадам ғана емес, сонымен қатар, Қазақстан кітапханаларының жаңғыруға, инновация енгізуге және елдің мәдени-оқу өміріндегі орнын нығайтуға деген ұмтылысының жарқын дәлелі болды.
21 сәуір күні "Арман" жастар орталығында кітапханамыздағы «Парасат жолы» ...
20 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
Ақ маржан қала Ақтаудың 19а шағын ауданында тағы бір ғимарат бой көтерді Ол, ...
Оқуға ұсынамыз-Советуем прочесть: ДУМАН РАМАЗАН Автор көркем шығармаларда ...
Құрметті балалар, ата-аналар! Облыстық кітапханадағы Балалар бөлімі "Балалар ...
"Парасат жолы" орталығының жаңалықтары. Бүгін облысымызға іс сапармен келген ...
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 10 наурыз Ұлттық кітап күніне орай ...
1 наурыз күні кітапханамызда "Алғыс айтам саған, оқырман!" атты мерекелік кеш ...
Биыл Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ...
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып ...