Клубтар мен үйірмелер жұмысы
Маңғыстау облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер залында ағылшын тілінен ересектерге арналған «English speaking club» және «Book club» үйірмелері тұрақты түрде өткізілді. Үйірмелердің негізгі мақсаты – қатысушылардың ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және өзара тәжірибе алмасу.
«English speaking club» үйірмесі барысында клубқа жаңадан оқырмандар келіп тіркеліп, өздерін ағылшын тілінде таныстыру арқылы топ құрамына қосылды. Қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасып, күнделікті өмірде кездесетін өзекті мәселелерді талқылап, оларды ағылшын тілінде шешу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар әртүрлі сөйлесу тапсырмалары орындалып, аудио тыңдау және еркін диалог жүргізу арқылы тілдік практика жасалды. Үйірмеге ай сайын 40–60 адам қатысады, жас ерекшеліктері 17–50 жас аралығын қамтиды.
«Book club» үйірмесінде сәуір айында ағылшын жазушысы Эмили Бронтенің «Грозовой перевал» шығармасы талданып, қатысушылар шығарма кейіпкерлері мен негізгі идеялары жөнінде пікір алмасты. Кітап бойынша талдау жұмыстары ағылшын тілінде жүргізіліп, оқырмандар өз ойларын еркін жеткізе білді. Сонымен қатар келесі айға оқуға Реймонд Самсонның мотивациялық кітабы таңдалып, қатысушыларға алдын ала таныстырылды. Үйірмеге тұрақты түрде 10–15 адам қатысады, жас ерекшеліктері 15–50 жас аралығында.
Облыстық кітапханасы Балалар бөліміндегі «Айгөлек» клубы 5-сәуір күні балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз өлкесінің табиғатын, тарихын және мәдениетін таныту, өз өлкесін мақтан тұтып, оны өнер арқылы бейнелеуге мүмкіндік беру мақсатымен «Менің өлкем» тақырыбында балалар арасында сурет сайысын өткізді.
18.04.2026 ж.«Айгөлек» клубының кезекті сабағында балалармен «Кім жылдам?» атты мақал-мәтелдер ойыны өткізілді. «Асан мен Үсен» әңгімесі оқылды, талқыланды.
25.04.2026ж. Балалар әдебиеттер бөлімінің «Өлкетану» үйірмесінің кезекті сабағында туған жердің табиғатын қорғап, таза ұстауға үйрету мақсатымен Өлке табиғаты мен демалыс орындары таныстырылды.
14.12.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облыстық кітапхана ...
14-желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруыменен ...
7-желтоқсан күні Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...
7 желтоқсан күні “Достық“ үйінде «Мұнаралы, жыр аралы - Маңғыстау» тақырыбында ...
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында қоғамда діни радикализмге қарсы иммунитетті ...
28-қараша күні "Достық" үйінде қазақ халқының, қазақ әдебиетінің маңдайына ...
17.11.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы әмбебап кітапханасының техникалық әдебиет ...
16-қазан күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан ...
2023 жылғы 12 қазанда, Ақтау қаласында Достық үйінде Қ. Сыдиықұлы атындағы ...

























