"Адам еңбегімен әдемі" атты тақырыптық шара
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні - жыл сайын 28 сәуірде атап өтілетін мереке. Бұл сонымен қатар жұмыста қайтыс болған немесе жарақат алған жұмысшыларды еске алудың халықаралық күні.
26 сәуір күні облыстық кітапханасының техникалық әдебиет бөлімінде оқырмандарға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру, адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдардын сыйлай білуге тәрбиелеу мақсатымен "Адам еңбегімен әдемі" атты тақырыптық іріктеу шарасы өтті. Шараның қонақтары: Мемлекеттік еңбек инспекторы Омарова Нұрбақыт Омарқызы, Мұнайлы ауданының N6 мектеп 11 сынып оқушылары мен мұғалімі Сисенғалиева Қамқа.
Шара өз дәрежесінде жақсы өтті. Нұрбақыт Омарқызы оқушыларға өз ақыл-кеңесін беріп, іс тәжірибесімен бөлісіп, сабақтарын жақсы аяқтап, ҰБТ- дан жоғарғы балл алуға тілегін айтты. Келген қонаққа денсаулық тілеп, еңбектеріне толағай табыс тілеп, кітапхананың атынан кітап сыйладық және оқушылар мен мұғалімге де осы шараға белсене қатысқанына рахмет айтып,сый- сияпаттары берілді.
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...