«Жыр мен жүрек үндестігі» поэзия кеші
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 сәуір күні көрнекті ақын, аудармашы Шөмішбай Сариевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Жыр мен жүрек үндестігі» атты поэзия кеші жоғары деңгейде өтті. Онлайн кездесу Zoom платформасы арқылы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымымен бірлесе ұйымдастырылды.
Кештің ең әсерлі сәттерінің бірі – құрметті қонағымыз, ақынның өмірлік серігі Жұмагүл Сариева ханыммен онлайн кездесу және ақынның інісі Жаңабай Сариевпен дәстүрлі жүздесу болды. Жұмагүл Қаженқызы оқырмандардың ақын шығармашылығы мен өмір жолына қатысты қойған сұрақтарына мазмұнды жауап беріп, естеліктерімен бөлісті.
Шара барысында ақынның «Бәрінен де не қымбат?», «Көңілің үстем патшадай», «Сәуір», «Күзде құстар тастап ұшар ұясын...» сынды сыршыл өлеңдері оқылып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, Шөмішбай Сариев – 300-ден астам халық жүрегіне жол тапқан ән мәтіндерінің авторы екені атап өтілді. Кеш барысында ақын сөзіне жазылған «Айналдым сенен, Атамекен-ай», «Дос керек», «Қайран уақыт», «Арман жолдар», «Сыбызғы – сазсырнай» сияқты әндер шырқалып, кеш көркін қыздырды.
Аталған шараға Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Жоғарғы педагогикалық колледжі студенттері, Ақтау қаласындағы Баянды ауылы №3 мектеп оқушылары, М. Әуезов атындағы №20 мектеп және «Квант» мектебінің оқушылары белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті.
Поэзия кеші жас ұрпақтың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, ақын мұрасын насихаттауда маңызды рухани іс-шара ретінде өз деңгейінде өтті.
16-қазан күні облыстық кітапханасының конференц залында Қазақстан ...
2023 жылғы 12 қазанда, Ақтау қаласында Достық үйінде Қ. Сыдиықұлы атындағы ...
26.09.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының ...
Бүгін кітапханамызда «KitapTime - 2023» жалпы республикалық кітап фестивалі облыстық ...
Бүгін облыстық кітапханаға қазақ эпосының белгілі зерттеушісі, аудармашы ...
Қ. Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы және ҚР Сыбайлас ...
Бүгін елімізде Абай күні аталып өтеді. Еске салайық, 2020 жылдың 4 тамызында ...
Биыл Алаш жұртының әйгілі перзенті, ғұлама ғалым, ақын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп ...
6-шілде - Елордамыздың туған күніне орай оқырмандарға қызмет көрсету ...
Ұлттық домбыра күні аясында "Домбыра күні - ұлттың үні" атты әдеби-сазды кешіміз ...

























