«Менің атым – Махамбет» тарихи-танымдық сағат
Облыстық кітапханасында батыр, ақын, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Менің атым – Махамбет» тарихи-танымдық сағаты өтті. Іс-шараға Ш.Есенов атындағы университеттің студенттері қатысты. Бақтөреев Жантөре, Сайлау Әлихан, Тілек Берекет, Артур Алина, Қайнар Сүйеубаев сынды өнерпаздар өнер көрсетіп, ақынның өлеңін оқып, күйін тартып, жырын айтты.
Сонымен бірге, кеш қатысушыларына «Дауылпаз ақын Махамбет» атты кітап көрмесі таныстырылды.
«...Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім,
Жағалай қонған сол елге
Мал толтырсам деп едім...» деп, елдің теңдігі мен жердің кеңдігі жолында жанын құрбан еткен Махамбет Өтемісұлының аты қашан да ұлықталуы тиіс деп білеміз.
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...