Балалар кітабы апталығы
2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай балалар бөлімінде 2- 7сәуір аралығында апталық ұйымдастырылды.
2 -сәуір күні Ашылу салтанаты. №7,8,9 орта мектептің және «Мирас» аула клубы балаларының қатысуымен өтті. №9 мектеп, «Кайнар» аула клубының тәрбиеленушілерімен «Табиғат" тақырыбына сурет салу сайысы, Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай «Кел балалар оқылық!» атты дауыстап оқу сайысы,«Ойлы болсаң, озып көр» мақал – мәтел сайысы, сонымен қатар жаңа кітаптарға библиографиялық шолу жасалды.
Осы апталық аясында сәуірдің 6-ы күні белгілі ақын , журналист, жерлесіміз Рахат Қосбармақовпен кездесу кеші өтті.Кешке №8,9,12,16, 23, 28 мектептері және «Зерде», «Қайнар» аула клубтары қатысты. Ақынның өлеңдері оқылды, бейнетаспа арқылы өмірбаяны көрсетілді және сұрақтарға жауап алынды.
Апталықтың соңында сөзжұмбақтар шешіліп,балалар өнері тамашаланды. Апталыққа белсене қатысқан ұстаздар, оқушылар марапатталды.
22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық ...
18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" ...
" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау ...
Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні! Құрметті оқырмандар! Сіздерді ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары ...
7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана ...