Еске алу кеші: САЛАМАТ МУКАШЕВ
Облыстық кітапханада Саламат Мұқашевты еске алу кеші өтті.
Басқосуда еліміздің мемлекет және қоғам қайраткері Саламат Мұқашевтың ел дамуы мен өндірісті өлкенің өркендеуіне сіңірген елеулі қызмет жолы, азаматтық болмысы мен қайраткерлік ұстанымы, еңбекпен шыңдалған ерен тұлғасы турасында өрелі әңгіме өрбітті.
Кеш барысында Саламат Мұқашевпен қызмет бабымен қоян-қолтық араласқан, көзқарастары үндестік тапқан үзеңгілес замандастары - Қайролла Ережепов, Бектұр Төлеуғалиев, Ақмоншақ Баужанова және өзге де зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, 1980-85 жылдары, бес жыл ішінде С.Мұқашевтың басқаруымен Маңғыстау облысында іске асқан кен игеру, жаңа кәсіпорындар құру, мұнай-газ, ауыл шаруашылғы саласын серпінді дамыту, өнеркәсіптік өнімдер көлемін ұлғайту секілді ауқымды жобалар жөнінде ой-пікірін ортаға салды.
"Саламат Мұқашев жан жайсаң, сөзге сараң, ізгі адамгершілік қасиетімен , жоғары жауапкершілік, іскерлік-ұйымдастырушылық қаблетімен көзге түскен жан еді. Ел басқарудағы, жергілікті кадрларды іріктеудегі ерекше тәсілі, облыс шаруашылығының ірі ұйымдастырушысы ретіндегі рөлі ел жадында жаңғыра түспек",-деді Бектұр Төлеуғалиев.
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...