• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Еске алу кеші: Утежан Алшымбаев

Бүгін облыстық кітапханасында ҰОС ардагері, Жаңаөзен қаланың құрметті азаматы, мәдениет қайраткері Өтежан Алшымбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай еске алу кеші  өтті. Кеш барысында  оқушылар Өтежан Алшымбаевтың шығармашылығынан және мерейтой иесіне арнаған арнау өлеңдерін оқыды. Шара аясында Өтежан Алшымбаев туралы кітаптар мен фото- суреттер көрме ұйымдастырылды.  Экраннан Өтежан Алшымбаевтың жастық шағы, қызметке келуі, шығармашылығы, өнерге құштарлығы мен елге сіңірген еңбегіне шолу көрсетілді.  

"Қандай деңгейде, қай лауазымда еңбек етсе де Өтежан Алшымбайұлы мансап қумайтын, өмір ағымына сай қарапайым азамат екендігін көрсетті. Қандай жұмыс саласы болса да, ол халықтың ризашылығын алды, қолынан келгенше адамға жақсылық жасауға талпынды. Жақсының артында өнеге, азаматтық кейпі қалады. Ғасырға жуық ғұмыр кешкен ел ағасы қызметін халқына арнады. Оның кескін-келбеті ел жадында уақыт өткен сайын биіктей береді. Өтежан Алшымбайұлының өмір жолы, еңбек жолы – кейінгі ұрпақтар үшін өшпес өнеге, үлкен ұлағат!"     Айбек Қосуақов 

Кешке  үздік өлкетанушы, мемлекеттік қызмет ардагері Алқажан Еділхан, мемлекет және қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбай, тарихшы, сәулетші Сайын Назарбекұлы қатысты. 



16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...

Жаңалыққа өту  

9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...

Жаңалыққа өту  

3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...

Жаңалыққа өту  

Бистро Fusion-де ашылды! Жақында  Napoli кафесінде ашылады! ...

Жаңалыққа өту  

Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...

Жаңалыққа өту  

1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...

Жаңалыққа өту  

15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...

Жаңалыққа өту  

"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...

Жаңалыққа өту  

Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу