• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Жасөспірімдерге арналған шаралар

Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жазғы айларында:

Ұлттық домбыра күніне орай қоғамдық көлікте «Домбыра – ұлт бойтұмары» атты көшпелі кітапхана акциясын өткізілді. Акция барысында қоғамдық көлікте күйшілердің орындауында қазақтың халық күйлері орындалып, домбыраның күмбірлеген үні жолаушыларға ерекше рухани әсер сыйланды. Қазақ ақындарының домбыраға арналған сырлы өлеңдері оқылып, ұлттық өнер мен рухани мұрамыздың құндылығы кеңінен насихатталды. 

Іс-шара аясында кітапхана қорындағы домбыра өнері, күй мәдениеті және ұлттық мұраға арналған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып, жолушыларға кітаптар таныстырылды. Танымдық викторина ұйымдастырылып, ұлттық өнерге қатысты сұрақтарға белсене қатысып, дұрыс жауап берген жолаушыларға кітапхана атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Көшпелі кітапхана акциясы жолаушылардың қызығушылығын оятып, жылы лебізге ие болды. 

Астана күніне орай оқырмандарды Астана қаласының тарихымен, жетістіктерімен және жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктермен таныстыру, сондай-ақ елорданың еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызын насихаттау мақсатымен «Жастар мен астаналық өмір» атты кездесу шарасы өткізілді.

Шара барысында кітапханашы Шуриева Э. А. Астана қаласының Қазақстан Республикасының саяси, мәдени және экономикалық орталығы ретіндегі рөліне тоқталып, оқушыларға елорданың тарихы, көрікті орындары, сәулетті ғимараттары және жастарға арналған білім беру, шығармашылық пен қоғамдық өмірге қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.

Кездесуге Астана қаласындағы Медициналық университеттің 1-курс студенттері қатысып, студенттік өмір, оқу үдерісі және елордадағы мүмкіндіктер туралы өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, оқырмандар назарына «Астана – жастардың арманы» атты кітап көрмесі ұсынылып, Астана қаласының тарихы мен дамуына арналған әдебиеттер таныстырылды. Мерекелік бағдарлама аясында оқырмандар Астана туралы өлеңдер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті.

5 шілде күні кітапханаға саяхат ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапхана қызметкері жастарды кітапхананың тарихымен, кітап қорының ерекшеліктерімен және оқу залдарының жұмыс тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар, электронды кітапхана жүйесі мен жаңа әдебиеттер туралы ақпарат берілді. Оқу залында ұйымдастырылған «Әдеби күнтізбе», «Ой маржаны - сөз», «Лайк бук» кітап көрмелерімен таныстырылды. Оқушылар кітапхана бөлімдерін аралап, кітаптарды тіркеу және пайдалану ережелерімен танысты. Экскурсия соңында сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылды. Саяхат жастардын кітапханаға деген қызығушылығын арттыруға және оқу үдерісіне қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге бағытталды. 

7 шілде күні кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптарды таныстыру мақсатында «Жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқырмандар жаңадан түскен көркем әдебиеттермен, салалық және танымдық басылымдармен танысуға мүмкіндік алды. Әр кітаптың мазмұнына қысқаша шолу жасалып, олардың оқырмандар үшін маңыздылығы түсіндірілді.

15 шілде күні  облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің жанынан ашылған «Sana» кітап клубының ұйымдастыруымен кітап оқуды насихаттау, оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітап сыйлау мәдениетін дәріптеу және кітапты ең құнды рухани сыйлық ретінде таныту мақсатымен «Кітап – ең құнды сыйлық!» атты кітап сыйлау акциясы өткізілді. Іс-шараға кітапхана оқырмандары, «Sana» шығармашылық клубының мүшелері, жаңа оқырмандар және кітап сүйер қауым қатысты. Шараны кітапхана қызметкері ашып, кітаптың адам өміріндегі орны, рухани дамудағы маңызы және кітап сыйлаудың тәрбиелік мәні туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Сонымен қатар акцияның негізгі мақсаты түсіндіріліп, кітаптың білім мен мәдениеттің бастауы екендігі ерекше атап өтілді.

Акция аясында «Sana» кітап клубының мүшелері арнайы дайындалған кітаптарын шараға қатысқандарға сыйға тартты. Кітап сыйлау рәсімі қатысушылардың ерекше ықыласына бөленіп, жылы көңіл күйде өтті. Пікір алмасу барысында оқырмандар өздерінің сүйікті шығармалары туралы ой бөлісіп, кітап оқудың маңызы мен кітап сыйлаудың рухани құндылығы жөнінде әсерлі пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар жаңа оқырмандар кітапхана қызметімен танысып, кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті.

16 шілде күні  «Кітап+кино» жобасы аясында кітап оқу мен фильм көруді ұштастыру арқылы оқырмандардың көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, әлем әдебиетімен таныстыру, шығарманы жан-жақты талдау дағдыларын дамыту, адамгершілік, сыйластық, шынайы махаббат сияқты рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында ағылшын жазушысы Джейн Остиннің «Тәкаппар ғашықтар» шығармасы талданып, киносы көрсетілді.  Шараға «Sana» шығармашылық клубының мүшелері, жаңа оқырмандардан және «Сүмбіле» клубының жетекшілері қатысты.

Іс-шара барысында Джейн Остиннің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның «Тәкаппар ғашықтар» романы бойынша түсірілген «Гордость и предубеждение» көркем фильмі көрсетілді. Фильмнен кейін қатысушылар кітап пен фильмнің ерекшеліктерін талқылап, шығарманың негізгі идеясы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар «Джейн Остиннің мәңгілік әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара өз мақсатына жетіп, оқырмандардың кітап оқуға және әлем әдебиетіне деген қызығушылығын арттырды.

17 шілдеде «Конституцияны бірге оқимыз: дауыстап оқу» атты іс-шара ұйымдастырылды.  Іс-шара барысында кітапханашы Н. Акенеева Қазақстан Республикасы Конституциясының еліміздің негізгі Заңы екендігін, оның азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын басты құқықтық құжат екенін түсіндірді. Қатысушылар Конституцияның таңдап алынған баптарын кезекпен дауыстап оқып, олардың мазмұны бойынша пікір алмасты. Талқылау барысында заң талаптарын сақтау, Отанға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілік және құқықтық мәдениет тақырыптары қозғалды. Сонымен қатар қатысушылар «Қазақтың Ата Заңдары» атты тақырыптық кітап көрмесімен танысты. 

Шараның мақсаты — қатысушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, заңды құрметтеу, Отанға деген сүйіспеншілік пен азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру, сондай-ақ құқықтық мәдениетті арттыру.

23 шілде күні  Жасөспірім бөлімінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын насихаттау, құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ құқықтық әдебиеттерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында  «Менің құқығым – менің міндетім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,  Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы ұйымдастыруымен «Жасыл ел» еңбек жасағының жастарына таныстырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясы, заңдар жинақтары, құқықтық тәрбиеге арналған кітаптар, анықтамалықтар мен мерзімді басылымдар қойылды. Оқырмандарға көрмедегі әдебиеттер таныстырылып, олардың мазмұны мен қоғамдық маңызы жөнінде ақпарат берілді. Қатысушылар құқықтық мәдениетті қалыптастырудың қоғамдағы рөлі туралы пікір алмасып, құқықтық білімдерін толықтырды.

28 шілде күні шілде айының үздік кітаптары таныстырылып, жасөспірімдердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру, көркем әдебиетті насихаттау және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатымен «LikeBook» акциясы өткізілді. Акция барысында қатысушыларға жаңа және сұранысқа ие әдебиеттер таныстырылып, кітап оқудың маңызы туралы әңгіме жүргізілді. Оқырмандар сүйікті кітаптары мен авторлары туралы ой бөлісіп, өзара кітаптар ұсынды. Сонымен қатар кітап көрмесі ұйымдастырылып, қызықты сұрақ-жауаптар өткізілді.

Шілде айында жасөспірімдерге арналған кітапханалық әдеби-мәдени іс-шараларға 500-ден аса жастар қатысты.

Кітапханаға кел! Бізбен бірге дамы!










7 қаңтар күні  әнші, актер, режиссер, ұлттық кәсіби театрдың негізін салушы ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханасының фойесінде жыл басынан бастап республикалық акциясына ...

Жаңалыққа өту  

8-шілде күні  облыстық кітапханасында «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» ...

Жаңалыққа өту  

«Кітап&кино» жобаның мақсаты: әдеби шығармалардың фильмге бейімделуімен және ...

Жаңалыққа өту  

   Облыстық кітапхана жанынан көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға ...

Жаңалыққа өту  

Алматыда Ұлттық кітап күніне орай алғашқы республикалық кітапханалық хакатон ...

Жаңалыққа өту  

05.03.2025 ж.  Қ.Сыдиықов атындағы  Маңғыстау   облыстық    әмбебап    ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен «LІKEBOOK» ...

Жаңалыққа өту  

Қазіргі заман талабына сәйкес кітапханалардың тартымдылығын арттыру мақсатында ...

Жаңалыққа өту  

Буккроссинг – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу