Маңғыстау зергері Оразов Сағидолламен кездесу кеші.
4 мамыр күні кітапханамыздың өнер бөлімінде Маңғыстау зергері Оразов Сағидолламен кездесу кеші өтті. Кездесу кешіне №9 орта мектептің 9 сынып оқушылары, Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімдері, кітапхана қызметкерлері қатысты.
Сағидолла Оразов мектеп оқып жүрген кезінен сурет өнеріне жақын болып өскен. Бос уақытында қолына карандашын алып, сурет салатын. Інісінің бойындағы суретке, зергерлік өнерге қажетті қасиеттерін байқаған ағасы мамандық таңдайтын уақытта ақылын айтып, кеңесін береді. Ағасы Түгелдің айтуымен Сағидолла Абай атындағы мемлекеттік университтеттің көркемсурет және қолданбалы өнер факультетіне құжат тапсырады. Тәжірибелі мамандардан дәріс алып, шеберлігін шыңдайды. Уақытының көбін шеберханада өткізіп, ізденеді. Сағидолла Оразовтың қолынан шыққан дүниелер әр жылдары еліміздің бас қалаларында өткен көрмелерге қатысып, көпшіліктің жоғары бағасын алды. Ендігі арманы-Париждің төрінен қазақтың әдемі бұйымдарынан жасақталған көрме өткізу. Және облыс орталығынан арнайы зергерлік мектебін ашып, шәкірт тәрбиелеу. Білгеніңді кейінгі ұрпаққа үйреткен дұрыс деп есептеймін,-дейді бізбен қоштасарда Сағидолла Оразов.
- <iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/G2fm-xhq1WA" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen>&
- <iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/GfCCEiRwnxY" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen>&
- <iframe width="560" height="315" src="https://www.youtube.com/embed/nXGgc0ONDJU" frameborder="0" allow="autoplay; encrypted-media" allowfullscreen>&
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...