• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Өлкені тану – тарихты білу

Биылғы жылы Маңғыстау облыстық кітапханасында  «10 жаңа еңбек – 10 жаңа рухани белес» атты Серікбол Қондыбай мұрасына арналған 10 жаңа кітаптың салтанатты тұсаукесері өтті. Бұл — ғалым еңбегінің өміршеңдігін айқындаған, ұлттық руханияттағы сабақтастықты жалғаған маңызды мәдени-ғылыми оқиға болды. Шара барысында авторлар мен зерттеушілер сөз сөйлеп, жаңа еңбектер кеңінен таныстырылды. Кеш мазмұнды баяндамалар мен тағылымды ойларға ұласты. Сондай-ақ, «Қазақ рухының символы» атты  көрме ұйымдастырылып, келушілерге таныстырылды. 

Өлкеміздің жыршы, домбырашысы Әлқуат Қожабергенұлының 115 жылдығына орай «Қолыма домбыра алдым он бесімде» атты әдеби-сазды кеш ақпан айында өткізіліп, «Дәстүрлі өнер – ұлт мұрасы» атты кітап көрмесі жасақталды. Әлқуат Қожабергенұлының өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы деректі бейнежазба құрастырылып, көрсетілді. Сөз сөйлегендер Әлқуат Қожабергенұлының ұлттық мәдениеттегі орнына жоғары баға беріп, оның шығармаларын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Туған жеріндегі  мәдениет үйіне жыршының есімін беруге ұсыныс жасалды. Концерттік бөлімде жыр-термелер орындалып, күйлер тартылды.

12 наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында тарихшы, өлкетанушы Есбол Өмірбаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Түбек тарихының тамыршысы» атты тарихи-танымдық сағат өтті. Шараға Форт-Шевченко қалалық этнографиялық мұражайының меңгерушісі Айгүл Балабаева, Ақтау қаласындағы Украин халқы диаспорасы өкілдері және Ш.Есенов атындағы Университет студенттері қатысты. 

Есбол Өмірбаев өлкеміздің арғы-бергі тарихы, түбекке белгілі адамдар жөнінде кейінгі ұрпақтарға дерек қалдырған қарапайым да, ұлы адам. Кеш барысында қатысушылар ғалымның еңбектері туралы баяндамалар жасап, өлке тарихына қатысты зерттеулеріне тоқталды. Сонымен қатар, Есбол Өмірбаев жайлы естеліктер айтылып, оның ғылыми қызметінің маңызы кеңінен ашылды.Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, ғалымның еңбектері мен өлкетану бағытындағы материалдар көпшілік назарына ұсынылды. Кеш мазмұнды пікір алмасулармен, тағылымды ойлармен жалғасын тапты. 

13 наурыз күні Қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романының жазылғанына 45 жыл толуына орай, шығарманы терең талдау, тарихи-әдеби маңызын ашу және оқырман қызығушылығын арттыру мақсатында оқырмандар конференциясы өтті.  Шара барысында Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы жан-жақты талданып, оның тарихи және көркемдік ерекшеліктері кеңінен сөз болды. Қатысушылар шығармада бейнеленген XVIII ғасырдағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік жағдайына тоқталып, ел тағдырына қатысты маңызды мәселелердің көркем суреттелуін атап өтті. Романдағы басты кейіпкерлердің образдары, олардың тарихи тұлғалармен сабақтастығы, автордың көркемдік шешімдері мен тілдік шеберлігі талқыланды. Сонымен қатар, шығармадағы ұлттық мүдде, ел бірлігі, тәуелсіздік идеяларының көрінісі ерекше назарға алынды. Әдеби талдау барысында «Үркер» романының қазақ әдебиетіндегі орны мен бүгінгі күндегі өзектілігі туралы құнды пікірлер айтылды.   

7 сәуір күні Астана қаласы ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлының 150 жылдық мерейтойына арналған әдеби-сазды кеш өтті. Республикалық іс-шараға  Маңғыстау облыстық кітапхана қызметкерлері «Алтынын жырдың ақтардым» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмемен танысу барысында Сәттіғұл Жанғабылұлының өмір жолы мен шығармашылық мұрасын, қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесін, сондай-ақ рухани құндылықтарды сақтаудағы орнын ерекше екенін көңілдеріне түйіп, ризашылықтарын танытты. 

Республикалық кеш барысында ақын шығармалары заманауи әуенмен орындалып, өмірі жолы мен шығармашылық мұрас, қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесін, сондай-ақ рухани құндылықтарды сақтаудағы орнын кеңінен талқылады. Ақын шығармашылығының елдің мәдени мұрасында айрықша орын алатыны ерекше атап өтілді. Кешке ақындар, ұстаздар, халық өнерін қадірлейтін қауым өкілдері, студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты. 

9 сәуір күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Өлкетану залдың кітапханашылары жыршы, күйші Шамғұл Ыбрайымұлының  135 жыл толуына орай «Айтулы жүйрік мен едім» атты бейне ақпарат  дайындап, кітапхана парақшалары арқылы халыққа таныстырылды.

Мақсаты: Шамғұл талғамы жоғары тамаша күйші болып қана қоймай, сонымен қатар қазақтың халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылұлы: «Рақмет Шамғұл – замандас, Жүйріксің сен де жаңылмас. Хас шебердің белгісі, Сөз сұрап жанға жалынбас...» – дегендей, ақын-жыраулар мұрасын бағзы жырымен жеткізген жайсаң жыршы еді. Осындай дүлдүл жыр иесін кейінгі ұрпаққа насихаттап, жыр сүйер қауымға таныстырып әлем желі арқылы да  ақпарат беру.  

21 мамыр күні Журналист, қаламгер, Сот жүйесінің құрметті қызметкері Әнуарбек Қайырғалиұлы Жәнібек 80 жас «Журналистика Жолбарысы» кездесу кеш ұйымдастырылды.

Кездесу барысында өлке руханиятына үлес қосқан Аталық Әбдешұлы, Қожахмет Демеубергенұлы, Үміт Жәлеке, Гүлнар Науырша сөз алып, Әнуарбек Қайырғалиұлының журналистикадағы орны, адамгершілік қасиеті мен кейінгі буынға көрсеткен қамқорлығы туралы тағылымды естеліктерін айтты. М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Айнұр Омарова, күйші Ақжол Қарақаев кештің көркіне көрік қосты. Бабаларымыз байтақ Отанымызды қан төгіп қорғаса, аға буын тер төгіп, қаламның сиясын төгіп қызмет қылғаны белгілі.Осы толқынның алдыңғы қатарында Әнуар ағамыз бар.Көзі тірісінде насихаттап, өз аузынан әңгіме естіп кейінгі жас буынға таныту кітапхананың міндеті. Шара соңында «Ақжайықтың арғымағы» атты кітап көрмесі таныстырылды.

4-маусым күні Маңғыстау облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен "Бір өлке - бір тұлға" акциясы аясында жазушы, ақын, сәулетші, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайын Назарбекұлымен кездесу кеші өтті. Кездесу барысында жазушы өз шығармашылығы жайлы айтып, белгілі тарихи тұлғаларға арнап салған кесенелері мен күмбездеріне тоқталды. Кеш ақынның 85 жас мерейтойына орай ұйымдастырылды. 




ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің ерен құбылысы, «Бүгінгінің Мұхиты» ...

Жаңалыққа өту  

Биыл ақын, ғалым-зерттеуші Қабиболла Сыдиықұлының туғанына 90 жыл. Қазақ халқы ...

Жаңалыққа өту  

2023 жылдың соңғы күндерінде кітапханамызда қорытынды шара өткізілді. 27 желтоқсан ...

Жаңалыққа өту  

14.12.2023 ж. Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық  әмбебап кітапханасының ...

Жаңалыққа өту  

16-желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Маңғыстау облыстық кітапхана ...

Жаңалыққа өту  

14-желтоқсан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруыменен ...

Жаңалыққа өту  

7-желтоқсан күні  Қабиболла Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...

Жаңалыққа өту  

7 желтоқсан күні “Достық“ үйінде «Мұнаралы, жыр аралы - Маңғыстау» тақырыбында ...

Жаңалыққа өту  

Ағымдағы жылдың 29 қарашасында қоғамда діни радикализмге қарсы иммунитетті ...

Жаңалыққа өту  

28-қараша күні "Достық" үйінде  қазақ халқының, қазақ әдебиетінің маңдайына ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу