Сегіз қырлы саңлақ
Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, қаламы жүйрік жазушы, публицист, драматург, этнограф, Абай-Шәкәрім мұнараларын, «Домалақ ана», «Хан ордалы Сарайшық»кесенелерін, Абыл ақын, Досан батыр, Омархан-Нұржамал күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай сағаналарын салып, елдің мәдени мұрасын дамыта түскен айтулы сәулетші, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған, Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақ Халық «Экология» академиясының мүшесі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері, Атырау облысының Махамбет ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Абай аудандарының «Құрметті азаматы», Семей мемлекеттік пединститутының құрметті профессоры, жан жақты талант иесі Сайын Назарбекұлымен кездесу өтті. Мұндағы мақсат оқырмандарға маңғыстаулық ақын, жазушылар шығармаларымен кеңірек таныстыру, жас шәкірттерді ізденімпаздыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кездесу кешіне "Жас Отан" Жастар Қанаты, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Маңғыстау Гуманитарлық колледжі,Маңғыстау политехникалық колледжі,"Мейірбике" колледждері қатысты.Кеште ағаның өлеңдері оқылып, өлеңіне жазылған әндер орындалды.Әсіресе, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі студенттері дайындаған Сайын ағаның 75 жас мерейтойына арнау өлеңдері ерекше атап өтуге болады.Кештің соңында оқырмандар Сайын ағамен естелік суретке түсіп,қолтаңба алды.
16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры" ...
9 желтоқсан күні облыстық кітапхана қызметкерлері Каталогизатор мектебі ...
3 желтоқсан күні кітапханамызда "Кітап қорын есепке алу мен толықтырудың жаңа ...
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...