• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 08:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Коғаммен байланыс

 Облыстық кітапхана — өңіріміздің аса ірі ақпараттық және мәдени орталығы. 

Қоғаммен байланыс: Облыстық кітапхана қалалады балабақшалармен, мектептермен, колледж, жоғары оқу орындармен, әскери бөлімдермен, жастар орталықтармен, қоғамдық қорлармен, басқа да мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

2025 жылдың 14-ақпан күні 99240 әскери бөлімінің жеке құрамы «Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы» ММ-мен бірлесіп Ауған соғысының ардагерлер күніне арналған іс-шарасын өткізді. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Тауманов Бейсенбай, Сатаев Самигула, Каражанов Махмут, Дүйсенов Жалын, Таужанов Абатбай, Дүйсенбаев Әділбек, Изинов Рахат ардагерлері жастарды әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында 99240 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті. Кездесудің басты мақсаты – жастарды өз Отандарын сүюге, қазақ елінде туып-өскендерін мақтан тұтатындай етіп, патриоттық рухта тәрбиеленуіне бағыт берілді. 99240 әскери бөлімінің өнерпаздарымен бірлесіп Ақтау қаласының «Өнер сөзі» поэзия клубының қоғамдық қорының басшысы, педагог-психолог, ақын қыз, Қазақстандағы Евразиялық шығармашылық Гильдия (Лондон) мүшесі, қоғам қайраткері, экобелсендісі – Эльвира Жусупбекова мерекелік іс-шара концертімен аяқталды. 

19-ақпан күні Конференц залында 99240 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз армия» тақырыпта семинар өткізді. Аталған іс-шараға облыстың құзырлы органдарының мамандары шақырылды, атап айтқанда: ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл Маңғыстау облысы бойынша департаменті привенция басқармасының бас маманы Мұқатай Нұргүл Тұрлыбаевна, ҚР Сот әкімшілігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Ішкі қауіпсіздік бөлімінің аға сот приставы Тұрлыбек Бекжігіт Сапаралиұлы, Ақтау өңірлік гарнизонының әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің аға офицері майор Ерназаров Мұңал Ибрашұлы және Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының  міндеттерін уақытша атқарушы Белек Дәулет Кемелұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 99240 әскери бөлімінің жеке құрамымен жүздесті. Кездесудың басты мақсаты: осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстарын тұрақты жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдагы құқық бұзушылықтарымен айналысуының негізгі себептерін білу. Семинар барысында кітап сақтау қорынан кітап көрме жасақталады. 

20-ақпан күні Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен лудомания тақырыбында семинар өтті. 

21-ақпан күні Лекторий залында зорлық-зомбылық тақырыбында жиналыс өтті. 

14,21,28 сәуір күндері «Ұлттық кітап күні» мерекесі аясында НИШ зияткерлік мектебінің «Кітап әлемді бағындырады» атты ұйымдастырылған шараларға облыстық кітапхана қызметкерлері белсене қатысты. 14-сәуір күні «Тәтті кітап» сайысында облыстық кітапхана әдіскері Түгелова  Айсұлу Дәнекерқызы қазылар алқасының мүшесі болды. 21-сәуір күні «Readx» жобасына облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі Сәрсембаева Гүлшат Мизанбайқызы мен әдістемелік бөлімінің қызметкері Түгелова А.Д. қатысты, ал 28-сәуір Буккроссинг шараға қатысып, НИШ кітапхана облыстық кітапхана атынан қорына Жеңістің 80 жылдығы аясында  «Құжаттар жинағы» кітабын табыстады. 




30 қыркүйек күні кітапханамыздың Балалар бөлімінде жергілікті ақын, журналист ...

Жаңалыққа өту  

                                                  2022 жылы еске алынатын күндердің           ...

Жаңалыққа өту  

Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Жасөспірім ...

Жаңалыққа өту  

"Парасат жолы" жобасы аясында Қазақтың ұлы ойшылы, ақын, жазба қазақ әдебиетінің ...

Жаңалыққа өту  

"БАЛА ДЕП СОҚҚАН ЖҮРЕГІ" атты балалар ақыны Көмек Ыбыраймен кездесу кеші 1 ...

Жаңалыққа өту  

Буккроссинг жаңалықтары:  Осы, және басқа да кітаптарды қала кафелерінде ...

Жаңалыққа өту  

6 мамыр күні Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Панфилов дивизиясының ерлігіне ...

Жаңалыққа өту  

21 сәуір күні "Арман" жастар орталығында кітапханамыздағы  «Парасат жолы» ...

Жаңалыққа өту  

20 сәуір күні Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап ...

Жаңалыққа өту  

Ақ маржан қала Ақтаудың 19а шағын ауданында тағы бір ғимарат бой көтерді Ол, ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу