Мерейтой иелеріне арналды
7 қаңтар күні әнші, актер, режиссер, ұлттық кәсіби театрдың негізін салушы Құрманбек Жандарбековтің туғанына 120 жыл толуына орай кітапханамыздың өнер бөлімі «Менің көргендерім мен көңілдегілерім» онлайн бейнебаян жасады. Құрманбек Жандарбековтің Қазақстандық өнердегі кино мен театр әлеміне салып кеткен сара жолын айта отырып, кеңестік кезеңдегі өнерге үлес қосқаны айтылды.
13 ақпан күні кітапханамыздың оқу залында өзінің саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған дарынды ғалым, үлкен парасат иесі Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына орай «Тарихта үлкен із қалдырған тұлға» тақырыбында портреттік кеш өтті.
Шараға арнайы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Мәулен Мақсотұлы мен Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Марзия Түгелбайқызы қатысты. Кештің негізгі бөлігінде ұлы тұлға Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасы мен тарихтағы орны туралы баяндамалар тыңдалды. Студенттерге 19 ғасырдағы Кенесары хан өмірін және 20 ғасырдағы Кенесары хан туралы зерттеу жүргізген Ермұхан Бекмаханов туралы тарихи оқиға негізінде түсірілген «Аманат» фильмінен үзінде көрсетілді.
Сондай-ақ, Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасына арналған «Қазақ тарихының геродоты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ғалымның қазақ тарихын зерттеудегі еңбектері мен «Қазақ ССР тарихы» бойынша жүргізген зерттеулері , Қазақ тарихына қатысты жазған кітаптары мен мақалалары ұсынылды.
14 наурыз күні Өнер бөлімінде «Қазақтың «Төлегені» атанған кино және театр актері, "Құрмет" және "Парасат" орденінің иегері, Қазақстанның Халық әртісі Құман Нұрмағанұлы Тастанбековтің 80 жылдығына орай «Жарқын бейне» атты еске алу кешінде №32 орта мектептің 10 «б» сынып оқушылары мен Маңғыстау Туризм колледжі студенттеріне актердің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беріліп, бейнебаян көрсетілді. Шара соңында оқырмандар өзінің пікірін білдіріп, ой бөлісті.
10 сәуір күні әйгілі күйші композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай өнер бөлімінде «Жүрекке жылы қонған әуен» атты сазды кеш өткізілді. Қазақ өнеріндегі сахна әлеміне салып кеткен дирижердің сара жолын айта отырып, Қазақстанның музыка өнеріне орасан зор үлес қосқанын бейнебаян арқылы көрсетілді. "Құрмет" орденінің иегері, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Нұрнияз Мұқанов қонақ ретінде сөз сөйлеп, тыңдарман көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Маңғыстау өнер колледжінің студенттері «Ата толғауы», «Жекпе-жек» күйлерін орындап, мекеме атынан сыйлықтармен марапатталды. Мекеме қызметкері Қазбаева Тәттігүл өзі барып көрген Н. Тілендиевтің мемориалды музейі және естеліктері туралы әңгілеп берді. Кешті хормен «Құстар» әнімен аяқтап, алғыс хаттар табысталды.
30 сәуір күні Оқу залы ғалым, доцент Мағрипа Жылқыбаеваның туғанына 80 жыл «Тарих, мәдениет және археология: М.Жылқыбаеваның ғылыми жолы» атты онлайн ақпарат ұсынды. Бұл ақпараттық материалдың басты мақсаты – ғалымның өмір жолын, ғылыми мұрасын және отандық тарих пен археология саласына қосқан үлесін кеңінен насихаттау.
Мағрипа Жылқыбаева - кванттық физика арқылы әлемде тұңғыш рет Есік қорғандағы Алтын адам мұрасы бойынша прото дәуірдегі алғашқы адамзат тілінің расшифровкасын жасаған жаратылыстанушы ғалым.
Ұсынылған бейнематериалда Есік қорғанынан табылған Алтын адам жәдігеріндегі жазулар туралы маңызды мәліметтер ұсынылған. Бұл жазуларды зерттеумен айналысқан ғалымдар аз болмағанымен, күміс зереншеге ойылған 26 таңбаның жаһандық деңгейдегі тарихи маңызын ғылыми тұрғыда терең дәлелдеп көрсеткен бірегей зерттеуші – Мағрипа Жылқыбаева. Ол бұл таңбаларды отыз жыл бойы үздіксіз зерттеп, олардың сырын физика-математикалық тәсілдер арқылы ашқан, осылайша осы салада әлем бойынша алғашқы болып тың әдіс қолданған ғалым ретінде танылды.
18 маусым күні Арнаулы кітапхана филиалында Қазақ музыкасының сайыпқыраны, әйгілі күйші композитор, домбырашы, КСРО халық әртісі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Өнерін өнеге еткен Нұрғиса Тілендиев» атты әдеби-сазды кеші өткізілді. Шара барысында оқырмандарды бейнебаян арқылы өнер иесінің өмірбаянымен таныстырып, Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының күйшісі «Аққу», «Әлқисса» күйлерін орындап, өлкетану бөлімінің меңгерушісі Тәттігүл Куйкентайқызы композитор туралы қызықты деректермен бөлісті.
Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығында қазақтың ұлттық музыкасы ерекше орын алады. Оның композиторлық еңбегі көптеген әндер мен күйлерді қамтиды, оның ішінде «Аққу», «Сарыарқа», «Қараторғай» сияқты танымал шығармалары және «Қыз Жібек», «Қилы кезең», «Менің атым Қожа», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» фильмдерге музыка жазып, қырық шақты спектакльге әуен жазған.
Оқуға ұсынамыз-Советуем прочесть: ДУМАН РАМАЗАН Автор көркем шығармаларда ...
Құрметті балалар, ата-аналар! Облыстық кітапханадағы Балалар бөлімі "Балалар ...
"Парасат жолы" орталығының жаңалықтары. Бүгін облысымызға іс сапармен келген ...
ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ 10 наурыз Ұлттық кітап күніне орай ...
1 наурыз күні кітапханамызда "Алғыс айтам саған, оқырман!" атты мерекелік кеш ...
Биыл Мемлекет және қоғам қайраткері Т.Әшімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ...
Бүгін кітапханамызда «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» орталығының салтанатты ашылуы болып ...
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ...
МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ...
"Ажур+" қолөнер үйірмесіне шақырамыз! Мақсаты: үйірме арқылы пайдаланушыларды ...