«Менің Отаным - Қазақстан»
Облыстық кітапханасының Балалар әдебиеттер бөлімінде 8-қазан күні балалар ақыны Ө.Ақыпбекұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ақындық талантын оқушыларға насихаттау, поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатымен «Жырымен әлдилеген баланы» атты поэтикалық марафон өткізілді. Шараға қаламыздағы № 33 мектептің 4-сынып оқушылары, «Advanta kz» білім лицейінің 4-сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, интеллектуалды сұрақтарға жауап берді, жасанды интеллект презентациямен дайындалған ақынның өмірінің естеліктерімен танысты.
23-қазан күні 25 қазан – Республика күніне орай оқушыларды өз Отанын сұюге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елін, Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тарихын білуге тәрбиелеу мақсатымен «Менің Отаным - Қазақстан» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Шараға қаламыздағы IT лицейінің, № 8 орта мектептің оқушылары қатысып, көрнекті ақындардың Отан, Республика туралы өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, ребустар шешті. Балаларға арналған «Аяулы – Отан, ардақты елім» атты көрме жасақталып таныстырылды. Өнер көрсеткен баларға алғыс хаттар,кітаптар табысталды.
30-қазан күні «Бір ел – бір кітап» 2025 акциясы аясында көрнекті ақын, жазушы, композитор, ел рухын жырлаған тұлға - Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған шара өткізілді. Шараға № 13 мектеп-гимназиясының оқушылары, ата-аналары қатысты. Балалар ақынның Отан туралы, патриоттық өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты, өлеңдеріне арнап жасалған ребустарды шешті.
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні! Құрметті оқырмандар! Сіздерді ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары ...
7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана ...
Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні ...
Кітапханамызда “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада ...
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының ...
25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында ...
























