Кітап тұсау кесерлер - 2025
27 ақпан күні жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Ұстаз ұлағаты» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Аталған кітап «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, Қазақ КСР «Халық ағарту ісінің үздігі» - Торғай Шоңқаловтың өмірі мен қызметіне арналған.Шараға Торғай Шоңқаловтың шәкірттері, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты. Қатысушы қонақтар естеліктермен бөлісіп, өнерпаздар ән-күйге бөледі.
1 наурыз күні ветеринария саласының ардагері Қаржаубай Көшеннің «Мал аурулары және емдеу жолдары» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбай мал шаруашылығы саласының ардагерлері мен шаруа қожалықтарының иелері, ауыл әкімдері қатысты. Облыс әкімі көктемнің алғашқы күнінде 70 жасқа толған кітап авторына еселі еңбегі үшін алғыс айтып, ветеринария саласына қосқан үлесі үшін арнайы төсбелгі тақты.Шара соңы құттықтаулармен әдемі әнмен аяқталды.
9 сәуір күні Қоғамдық сана мен саяси мәдениеттің даму жолында ерекше орны бар «Парасат» қоғамдық- саяси демократиялық қозғалысы туралы Данияр Аралбайұлының «Парасат» қоғамдық- саяси демократиялық қозғалысы» атты кітабының тұсаукесерін өткізді.
24-сәуір күні облыстық архивтың Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай «Тағзым» кітабының таныстырылымы өтті.
30-сәуір күні облыстық кітапханада сұрапыл соғыстың соңғы солдаты, ғасыр жасаған майдангер қария хақында сыр шертетін-майдангердің ұлы Қазақстанның Құрметті Журналисі, ардагер журналист Айтбай Аймағамбеттің «Ұлан ғасыр ғұмыр» кітабы мен «Өтпелі өткел» атты журналистік қызметіндегі жазбаларынан тұратын екі бірдей кітаптарының тұсаукесері өтті.
Асан Аймағамбетов Ұлы Отан соғысындағы ерлік әрекеттері үшін «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», Жуков медальдерімен, Бас Қолбасшы И.В.Сталиннің Алғыс Хатымен, Жеңістің мерекелік даталарына орай берілген медаль-төсбелгілерімен марапатталды.
11-шілде күні «Ішкі жан дүниесінің сәулесі» екі тілде жарық көрген кітабының тұсау кесер рәсімі өтті. Аталған кітап – көру қабілетінен айырылған адамдардың шынайы тағдыры негізінде жазылған. Кітаптың басты кейіпкері – қандай қиындық болса да, ішкі үміт сәулесін сөндірмеген, қайраты жан.
Жазушы Эльвира Жусупбекованың «Ішкі жан дүниеңнің сәулесі» атты кітабының тұсаукесері Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында өтті. Жазушы екі тілде шығарған «Ішкі жан дүниеңнің сәулесі», «Свет внутри тебя» атты кітабын және аудиокітабын Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған филиалына сыйға берді.
Бұл кітапта өмірде орындалмауы мүмкін емес ештеңенің болмайтыны, елдегі ғалымдардың инклюзивті қоғам үшін өмір сүруге маңызды, жаңа технологияларды қамтамасыз етулері және сенім мен махаббаттың адамға қара түнектің өзінде сәуле беретіні туралы шынайы оқиғаларды баяндаған.
Кітапта жеке тағдырмен қатар, қоғамдағы инклюзия, заманауи технологиялар және мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мәселелері де қозғалған. Авторы адамның ішкі жарығы мен сенімі кез келген сыртқы шектеуден күшті екенін көрсетті.
https://www.instagram.com/zagiptar_kitapkhanasy_aktau/reel/DMxDj8NMcSt/
25 қыркүйек - Өлкетану залы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, ақын Сұлтанбек Құдайбергеннің «Жан шырағы» атты жаңа кітабының тұсаукесерін ұйымдастырды. Ақынның тағы бір жыр жинағы оқырманға жол тартты. Бұл кітапта соңғы кезде жазылған өлеңдері мен аудармалары енген. Жыр сүйер тұрақты оқырмандарын арналған керемет туынды.Шара барысында автор өлеңдерін оқып, қонақтар ән шашуларын арнады. Шараға өлке қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері, өлең сүйер бір топ оқырмандар қатысты.
https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DPA1rDVCK02/
⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...
Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні! Құрметті оқырмандар! Сіздерді ...
Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті! ҚР Мәдениет министрлігінің ...
8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары ...
7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана ...
Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні ...
Кітапханамызда “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада ...
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының ...
25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында ...
























