Кітапханамызда
Өміріндегі бар алтын мен асылдан,
Кітап артық шуақ болып шашылған,
Кітапханам - өнер-білім ордасы.
Сен – анамсың, құшағың кең ашылған.
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – кітапхана. Бүгінгі таңда облыстық кітапхананың кітап қорында 400 мыңға жуық кітап және 1 млн-ға жуық мерзімді басылымдар бар, аудан, қалалардағы 66 кітапхана үшін әдістемелік орталық қызметін атқарады.
Кітапханаға жылына 20 000-ға жуық оқырман қабылданып, оларға 400 000-ға жуық баспа басылымы беріледі. Жыл сайын кітапхана қоры 3 млн-ға жуық теңгенің кітап және баспасөз материалдарымен толықтырылады.
Қазіргі заман талабына сай кітапхана компьютерлендірілген, кітап қорын электронды каталогқа енгізу басталып, РАБИС бағдарламасы орнатылған, интернет желісіне қосылған.
Кітапхана қаладағы жастар орталығымен, қаладағы әртүрлі ұлттық-мәдени орталық өкілдерімен, әскери бөлімдерімен, білім беру орталықтары мен Мемлекеттік қызмет көрсету қызметкерлерімен байланыс жасап, оқырмандарды елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жұмыстар жүргізеді. Кітапханада жергілікті ақын-жазушылармен, еңбек адамдарымен әр түрлі кештер, кітап беташары, музыкалық қонақжайлар, әңгімелер, сайыстар, конференциялар өткізіліп тұрады.
Сондай-ақ, кітапхананың көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде арнайы көз мүгедектері үшін бедерлі- нүктелі қаріптегі, дыбыстандырылған және үлкен қаріптегі әдебиеттерді жинақтап, олардың ақпарат алуына және бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасайды. Оқырмандар кітап әлемімен танысып, кітапты құрметтеуді, онымен жұмыс жасауды үйренеді.
Оқырмандарға рухани – адамгершілік тәрбие беру – қазіргі кітапханасының ең маңызды міндеттерінің бірі, сондықтан нақты жағдай мен қызмет түрлерін қолданамыз.
Кітапханаға жиі келіңіздер!
Кітапханамыздың өнер бөлімінде "Ай-стоппер" көрмесінің тақырыбы "Көңіл түсі - ...
Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай "Абай халық жүрегінде" атты кітап көрмесі ...
Құрметті оқырмандар! «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы ...
25 желтоқсан күні "Балдәурен", "Шағала" аула клубтардың жетекшілері мен балалары ...
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске ...
Кітапханамызда Жасөспірім бөлімі мен Келешек колледжінің бірігіп ...
2019 жылдың 6-7 желтоқсан күндерінде "ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ...
2019 жылдың 04 желтоқсаннан 25 желтоқсанға дейін кітапханамыздың өнер бөлімінде ...
27 қараша күні кітапханамыздың арнаулы бөлімінде "Әбіш әлемі" атты ақпараттық ...
28 қараша күні кітапханамызда ақын, журналист Анар Шамшадиновамен кездесу өтті. ...