• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Сегіз қырлы саңлақ

Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау өлкесінің көрнекті ақыны, қаламы жүйрік жазушы, публицист, драматург, этнограф,  Абай-Шәкәрім мұнараларын, «Домалақ ана», «Хан ордалы Сарайшық»кесенелерін, Абыл ақын, Досан батыр, Омархан-Нұржамал күмбездерін, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай сағаналарын салып, елдің мәдени мұрасын дамыта түскен айтулы сәулетші, Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен марапатталған, Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақ Халық «Экология» академиясының мүшесі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағының иегері, Атырау облысының Махамбет ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Абай аудандарының «Құрметті азаматы», Семей мемлекеттік пединститутының құрметті профессоры, жан жақты талант иесі Сайын Назарбекұлымен кездесу өтті. Мұндағы мақсат оқырмандарға  маңғыстаулық ақын, жазушылар  шығармаларымен кеңірек таныстыру, жас шәкірттерді ізденімпаздыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кездесу кешіне "Жас Отан" Жастар Қанаты, Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, Маңғыстау Гуманитарлық колледжі,Маңғыстау политехникалық колледжі,"Мейірбике" колледждері қатысты.Кеште ағаның өлеңдері оқылып, өлеңіне  жазылған әндер орындалды.Әсіресе, Ақтау технологиялық қызмет  көрсету колледжі студенттері дайындаған Сайын ағаның 75 жас мерейтойына  арнау өлеңдері ерекше атап өтуге болады.Кештің соңында  оқырмандар Сайын ағамен естелік суретке түсіп,қолтаңба  алды.



Кітапханамыздың өнер бөлімінде "Ай-стоппер" көрмесінің тақырыбы "Көңіл түсі - ...

Жаңалыққа өту  

Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай "Абай халық жүрегінде" атты кітап көрмесі ...

Жаңалыққа өту  

Құрметті оқырмандар! «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша 2020 жылы ...

Жаңалыққа өту  

25 желтоқсан күні "Балдәурен", "Шағала" аула клубтардың жетекшілері мен балалары ...

Жаңалыққа өту  

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда Жасөспірім бөлімі мен Келешек колледжінің бірігіп ...

Жаңалыққа өту  

2019 жылдың 6-7 желтоқсан күндерінде "ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ...

Жаңалыққа өту  

2019 жылдың 04 желтоқсаннан 25 желтоқсанға дейін кітапханамыздың өнер бөлімінде ...

Жаңалыққа өту  

27 қараша күні кітапханамыздың арнаулы бөлімінде "Әбіш әлемі" атты ақпараттық ...

Жаңалыққа өту  

28 қараша күні кітапханамызда ақын, журналист Анар Шамшадиновамен кездесу өтті. ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу