• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Шетел әдебиеті

Шетел әдебиеттерді насихаттау мақсатымен облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер залында түрлі форматта іс-шаралар өтті. 

18 қаңтар күні  «Мерейтой иелері сөресі» ұйымдастырды.  Орыс жазушысы А.С. Грибоедовтың туғанына 230 жыл, еврей композиторы Исаак Дунаевскийдің туғанына 125 жыл. Орыс жазушысы А.С.Грибоедовтың және еврей композиторы И.Дунаевскийдің өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Көрмемен   «English Speaking club» қатысушылары,  Түрік тілі курсының оқушылары, «Тұлға боламын!» жобасының оқушылары, 6656 әскери бөлімнің сарбаздары, №24 орта мектебінің 9»А» сынып оқушылары танысты.           

30 қаңтар күні Шетел әдебиеттер залы орыс жазушысы Антон Павлович Чеховтің туғанына 165 жыл толуына орай  «Чехов классикасы: қысқа әңгімеден мәңгілік тақырыпқа дейін» атты әдеби алаңы өтті. Шара барысында жазушының шығармаларымен танысып, оқыған әңгімелерінен ой бөлісті. 

19 ақпан күні  «Ақтау - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында  «Қазақстан – Әзірбайжан ынтымақтастығы» тақырыбында этно-мәдени ортлығымен кездесу өтті. Әзірбайжан диаспорасының мүшесі Магомед Исмаилов қатысып, екі елдің мәдени және тарихи байланыстары туралы пікір алмасу ұйымдастырылады. Бұл шара Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы достықты одан әрі нығайтып, жас ұрпақты мәдени мұраға баулуға үлес қосады. «Түркі әлеміндегі ынтымақтастық» тақырыбында көрме жасалып қазақ және әзірбайжан жазушыларының шығармалары таныстырылады. 

26 ақпан күні У. Шекспирдің «Ромео және Джульетта» трагедиясын «English speaking club» үйірмесінің қатысушыларымен талқылады. Шығармаға биыл 430 жыл толды. Шара оқырмандарға Шекспир шығармашылығының маңыздылығын сезінуге, оның өнеріне жаңаша көзқараспен  қарауға мүмкіндік берді.Шығармадан үзінділер оқылды.

29 сәуір күні Шетел әдебиеттер залы «Ақтау –Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында «Бір тамырдан тараған – бауырлас  елдер» қырғыз этно-мәдени бірлестігімен кездесу өткізілді. Жүргізуші қазақ және қырғыз халықтары арасындағы тарихи байланыс пен бауырластыққа тоқталды. Екі елдің өнерпаздары дәстүрлі ән-күй орындап, «Манас» эпосын жырлады. Қазақ және қырғыз халықтарының әдебиеті мен мәдениетіне арнап кітап көрмесі ұйымдастырылды.  https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/p/DI6nrqWMx9_/

20 мамыр - Шетел әдебиеттер залы Британ жазушысы, сценарист, кинопродюссер Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» шығармасына саяхат жасалды. Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» шығармасы арқылы қиялын, танымдық қабілетін дамыту, әдеби кейіпкерлер арқылы адамгершілік құндылықтарды насихаттау және оқырмандардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру. Шараға  № 23 мектеп  оқушылары қатысты. 

17 шілде - Көрме-саяхат ұйымдастырылды. Мақсаты: Шетел әдебиеттерімен таныстыру, жалпы мағлұмат беру. Қатысушылар: Шымкент қаласының «Экология-өлкетану» лагерінің 4-5-6-7 сынып оқушылары және тәрбиешелері

24 қыркүйек - «Детектив жанрының патшайымы» Агата Кристидің жұмбақ әлеміне саяхат ұйымдастырды.  Мақсаты: Қатысушыларды әлемге әйгілі жазушы Агата Кристидің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оның детектив жанрына қосқан үлесін көрсету, оқырмандардың қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін дамыту. Қатысушылар: Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінің 1 курс, Маңғыстау жоғары педагогикалық колледжінің 1-2 курс, Маңғыстау туризм колледжінің 1 курс студенттері мен мұғалімдері. 




⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні!  Құрметті оқырмандар! Сіздерді ...

Жаңалыққа өту  

Ұлт ұстазына арналған сайыс мәресіне жетті!  ҚР Мәдениет министрлігінің ...

Жаңалыққа өту  

8 маусым күні облыстық кітапханасына мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары ...

Жаңалыққа өту  

7 маусым күні кітапханамызда "Облыстық және білім беру ұйымдарының кітапхана ...

Жаңалыққа өту  

Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне байланысты 5 маусым күні ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамызда  “Сыр” оқырмандар клубының кезекті отырысы өткізілді. Ортада ...

Жаңалыққа өту  

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының ...

Жаңалыққа өту  

25-наурыз күні Маңғыстау облыстық кітапханасында "2022 жыл - Балалар жылы" аясында ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу