Жазғы кітапхана
Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың бір жолы – қызықты кітап оқыту. Осы мақсатта облыстық кітапханасының Балалар әдебиеттер бөлімі балалардың жазғы мәдени демалысын ұйымдастырып, түрлі форматта іс-шараларды өткізді:
«Бақытты балалар - бейбіт елдің тірегі» 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әдеби-сазды кеші өтті. Мақсаты: Балалардың бір-бірін құрметтей білуге, адамгершілік қасиеттерін арттыруға шақыру, өлең оқып, өз ойларын шебер жеткізе білуге баулу, білімдерін жетілдіру.
«Жазғы демалысқа - жақсы кітаппен» интеллектуалды ойын өтті. Мақсаты: жеткіншектердің кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыра отырып, білім қөкжиегін кеңейту, өз ойларын еркін жеткізуге баулу, білімге құштарлығын арттыру, тез ойлау қабілетімен қойылған сұрақтарға нақты жауап беру дағдыларын қалыптастыру.
«Жол ережесін сақтайық!» тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты: Жолда жүру ережесі туралы мәлімет беру, жол ережелерін ойда сақтай білуге үйрету, тәртіптілікке , сақ болуға, көшеде балалардың өздерін дұрыс ұстай білуге үйрету.
«Қазағымның қазынасы - домбыра» 1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай танымдық сағат өтті. Мақсаты: балаларды ата-бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызығушылық сезімдерін ояту, қара домбыраны қастерлеуге тәрбиелеу.
«Ертегілер елінде» жобасы «Айгөлек» әдеби-танымдық клубының қатысушыларымен өткізілді.
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, жақсы мен жаманды, адалдық пен зұлымдықты, шындық пен өтіріктің арасын айыра білуге, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. сонымен бірге басқа да шаралар ұйымдастырылды.
Кітапханамен бірге - жарқын болашаққа!
Бистро Fusion-де ашылды! Жақында Napoli кафесінде ашылады! ...
Халқымыздың талантты перзенті, ұлы ақын, ҚР ән-ұранының авторы Жұмекең ...
1желтоқсан-ҚР Тұңғыш Президент күніне орай Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы ...
15-қараша Ұлттық валюта күні қарсаңында "Теңге - асыл қазына, халық байлығы" ...
"Айгөлек" клубына шақырамыз! ...
Біздің Қабиболла Сыдиықов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...
К 75-ти летию Победы в Великой отечественной войне(1941-1945)г.г. был посвящён ...
Біздің кітапханада бірнеше үйірмелер, клубтар жұмыс жасайды. Соның ішінде өнер ...
Қабиболла Сыдиықов ат-ғы Маңғыстау облыстық кітапханасында оқырмандардың әр ...