Маңғыстау күйлерін насихаттаушы А. Жаңбыршымен кездесу кеші
28 ақпан күні Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында "Домбыраның қоңыр үні" атты өлке домбырашыларымен кездесу кеші өтті. Кештін құрметті қонағы: күйші-сазгер, педагог, орындаушы, өнер зерттеушісі, Маңғыстау күйлерін насихаттаушы Айтберген Жаңбыршы Әбілұлымен бірге Маңғыстау өнер колледжінің "Халық аспаптар" бөлімінің 1,3,4 курс студенттері келіп, күйші-композитор, домбырашы, сазгер, ақын Мұрат Өскенбайұлының "Жеңіс", "Маңғыстау", "Өрлеу", "Құдаша", "Аттаныс" т.б күйлерін орындап, күйшінің өмір жолынан, күйлерінің шығу тарихынан деректер айтып кетті. Өнер бөлімінің қызметкері Г.Егінбергенова қатысушыларға, №9 орта мектеп оқушылары мен, кітапхана қызметкерлеріне, А.Жаңбыршының құрастыруымен жарық көрген "Нарату", "Адайдың ырғамасы", "Мен қашанғы жүйрігің", "Қарасай, Қази" атты кітаптарын таныстырды.
27 қараша күні кітапханамыздың оқу залында жазушы, публицист, аудармашы Герольд ...
23 қараша күні кітапханамыздың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залында ...
14 қараша күні күйші, жыршы, ақын Мұрат Өскінбайұлының туғанына 115 жыл толуына орай ...
12 қараша күні кітапханамыздың балалар бөлімінің қызметкерлері қаламыздағы №21 ...
Маңғыстаудың дүлділі, атақты күйші Сержан Шәкіраттың 80 жас толуына арналған ...
Біздің қала тұрғындарының арқасында кітапханамыздағы буккроссинг сөреміз ...
23 қазан күні қаламыздағы №9 орта білім беру мектебінің 3 сынып оқушылары ...
18 қазан күні кітапханамызда поэзиялық сағат өтті. Кеш қатысушылары: Ақтау қ. ...
11 қазан күні кітапханамызда "Болашақ" колледжінің І курс студенттердің ...
Участницы библиотечного"Женского клуба выходного дня" посетили мастер-класс в ...