2 СӘУІР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАБЫ КҮНІ
Кітапханамыздың балалар бөлімінде 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күніне орай апталықтың ашылуы салтанаты өтті. Кешке қаламыздағы 9,12,15 орта мектептерінің бастауыш сынып оқушылары қатысып өз өнерлерін тамашалатты. 12 мектеп оқушылары кітап туралы өлеңдерін оқыса, 15 мектептің 5 сынып оқушылары Танаш Дәуренбековтің "Кітаптар мұңы" атты әңгімесінен көрініс көрсетті. 9 орта мектептің 4 сынып оқушылары И.А. Крыловтың туғанына 250 жыл толуына орай "Қарға мен түлкі", " Әкесі мен балалары" мысалдары бойынша көрініс көрсетті. Оқушылар ертегілер әлеміне саяхат жасап Г. Андерсеннің " Бұршақ үстіндегі ханша" және қазақ ертегісі " Тазша бала" ертегілерінен көріністер көрсетілді. Балаларға кітап туралы бейнеролик арқылы фильмдер көрсетілді. Кеш жүргізушісі кітапханашы Хасанова К.А. балаларға риза болып , үздік балаларды марапаттады.
1 наурыз күні кітапханамыздың балалар бөлімінде кітапханаға саяхат ...
Қазіргі кездегі Каспий экологиясы, Қошқар ата көлінің ластануы, халықты зардап ...
*Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының даналығын, рухани асыл-мұраларын ...
Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының Өнер ...
Абайдың музыкалық әлемі - қазақ өнерінің алтын қазынасы. Ол 60-тан астам әннің және ...
Кітап фримаркеті - кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Енді ...
18 ақпан күні оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің оқу залдың ұйымдастыруымен ...
Егемендігімізді алып, еңсемізді көтеріп ес жиғалы бар жоғымызды түгендеу ұрпақ ...
14 ақпанда әлемде айрықша акция – Халықаралық кітап сыйлау күні өтеді. Оның ...
12 ақпан күні кітапханамыздың оқу залында ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, ...