• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

Бір жыл ішінде...

Оқырмандардың ақпаратқа қолжетімділігі мен қажеттіліктерін орындауда, тұрғындардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін шыңдауда 2025 жылы  Маңғыстау облыстық кітапханасында көптеген түрлі бағытта  креативті шаралар, акциялар, жобалар т.б. жұмыстар жүргізілді. 

2025 жыл ішінде кітапханада жүргізілген «Бір өлке – бір Тұлға» өлкелік акциясы, «Ұлт мақтаныштары» атты кітап көрмелер циклы, «Бір кітап» Маңғыстау телеарнасымен бірлескен бағдарламасы, "Кітап және кино" жобасы ұйымдастырылды. 

«Бір өлке – бір Тұлға» өлкелік акциясына биыл ақын Сабыр Адай шығармалары таңдалып, жыл бойы «Әр қазақ - менің жалғызым» атты кітап көрмесі, әлеуметтік желіде ақын өлеңдерін оқу марафоны, автордың өзімен кездесу кеші ұйымдастырылды. 

Жыл бойы ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында дәріптеу, өлкетану бағытында  жерлес дара тұлғалардың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттерді насихаттауға арналған 250-ден астам ірі кітапханалық іс-шаралар өтті. Авторлармен кездесулер ұйымдастырылып, кітапханаға 100-ден аса сый кітап келіп түсті.

2025 жылы  Облыстық кітапханасында жазушы, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлының «Ұстаз ұлағаты» кітабының,  “Қазақстанның Құрметті журналисі” еңбек ардагері Айтбай Аймағамбеттің “Өтпелі өткел”, “Ұлан ғасыр ғұмыр” қос кітабының,  Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері, ақын Сұлтанбек Құдайбергеннің «Жан шырағы» атты жаңа кітабының, жазушы Әзірбай Ораздың "Ақбөбек-Қайып заманына саяхат" кітабының, парсы тілдерінің маманы Нияз Тобыш аударған «Ғибадат исламия» (Ислам құлшылықтары) кітабының, жазушы Ислам Қосжанның "Жанымның жарығы", "Жыл он екі ай" атты кітаптарының тұсаукесерлері өтті.

«Ақтау – түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында облыстық кітапханасының фойесінде жылдық кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырман арасында қызығушылық тудырды. Кітапханамызда «Қазақстан – Әзірбайжан ынтымақтастығы» тақырыбында, «Бір тамырдан тараған – бауырлас  елдер» қырғыз, әзірбайжан этно-мәдени бірлестіктерімен кездесулер өткізілді. Сонымен бірге кітапханада  Ақтау қаласындағы Түркияның бас консулдың қатысуымен Түркия әдебиетінің кітап бұрышы ашылды. Жыл ішінде Әзірбайджан, Өзбекстан елдерінің авторларының көрнекті еңбектерінен кітап бұрыштары ашылды. Бұл игі бастама  бауырлас елдерінің арасындағы мәдени және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, ортақ құндылықтар мен әдебиетті насихаттауға бағытталған. 

Бір жылда кітапхана қызметін насихаттайтын республикалық және облыстық  газеттеріне 15-тен астам мақала жарық көріп, ақпараттық кеңістікте кітапхананың беделін арттырды.



Қ.Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасының техникалық әдебиет ...

Жаңалыққа өту  

...

Жаңалыққа өту  

 25 желтоқсан күні облыстық кітапханада психолог Жанна Нұрбаеваның  ,,Дневник ...

Жаңалыққа өту  

Тағы бір жаңа кітаптың тұсаукесері өтті! Бүгін облыстық кітапханада ҚР ...

Жаңалыққа өту  

13 желтоқсан күні кемеңгер жазушы Әбіш Кекілбайұлы атындағы конференц залында ...

Жаңалыққа өту  

10 желтоқсан күні кітапханамызда Өнер бөлімі тарапынан ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл ...

Жаңалыққа өту  

6 желтоқсан күні  кітапханамызда "Ашық кітапхана"   атты облыстық жас маман ...

Жаңалыққа өту  

6 желтоқсан – Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш ...

Жаңалыққа өту  

15 қараша күні кітапханамыздың конференц залында «Ұлттық валюта – төл теңге» ...

Жаңалыққа өту  

АБЫЗДЫҢ АБЫЗДЫҒЫН АЙҚАРА АШҚАН қаламгер, майталман мәдениеттанушы Сауытбек ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу