«Журналистика Жолбарысы»
21 мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Өлкетану бөлімінде журналист, қаламгер, Сот жүйесінің құрметті қызметкері Әнуарбек Қайырғалиұлы Жәнібек 80 жас «Журналистика Жолбарысы» кездесу кеш ұйымдастырылды.
Кездесу барысында өлке руханиятына үлес қосқан Аталық Әбдешұлы, Қожахмет Демеубергенұлы, Үміт Жәлеке, Гүлнар Науырша сөз алып, Әнуарбек Қайырғалиұлының журналистикадағы орны, адамгершілік қасиеті мен кейінгі буынға көрсеткен қамқорлығы туралы тағылымды естеліктерін айтты. М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әншісі Айнұр Омарова, күйші Ақжол Қарақаев кештің көркіне көрік қосты.
Ғасырға жуық ғұмырын сөз өнері мен қоғам қызметіне арнаған Әнуарбек Жәнібектің мерейтойлық кеші жас журналистерге өнеге, көпшілікке рухани әсер сыйлаған мазмұнды басқосу болды.
Бабаларымыз байтақ Отанымызды қан төгіп қорғаса, аға буын тер төгіп, қаламның сиясын төгіп қызмет қылғаны белгілі. Осы толқынның алдыңғы қатарында Әнуар ағамыз бар. Көзі тірісінде насихаттап, өз аузынан әңгіме естіп кейінгі жас буынға таныту кітапхананың міндеті. Шара соңында «Ақжайықтың арғымағы» атты кітап көрмесі таныстырылды.
20-мамыр күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Техникалық әдебиет бөлімінде ...
Мамыр айының 15-16 күндері Ақтау қаласында тұңғыш рет қала қонақтары мен ...
2026 жылдың І тоқсанында Маңғыстау облыстық кітапханасының ...
Техникалық әдебиеттер бөлімінде 24-сәуір күні Геолог күніне орай «Геологиялық ...
"Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында әр жыл сайын бір көрнекті ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастырумен 14 ...
23 сәуір – кітап пен білімнің қадірін арттыратын ерекше күні аясында, өскелең ...
Маңғыстау облыстық кітапханасының Шетел әдебиеттер залында ағылшын тілінен ...
2026 жылдың 24 сәуірінде Алматыдағы Alatau Creative Hub орталығында кітапханашылар арасында ...
7 сәуір күні Маңғыстау облыстық кітапханасының Жасөспірімдер бөлім қорына ...

























