• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 2 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

«Тарихта үлкен із қалдырған тұлға»

13 ақпан күні Облыстық кітапханасында өзінің саналы ғұмырын ғылым жолына арнаған дарынды ғалым, үлкен парасат иесі Ермұхан Бекмахановтың 110 жылдығына орай «Тарихта үлкен із қалдырған тұлға» тақырыбында портреттік кеш өтті. Шараға арнайы Фариза Оңғарсынова атындағы №29 мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Мәулен Мақсотұлы Мен Назарбаев зияткерлік мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Марзия Түгелбайқызы қатысты. Кештің негізгі бөлігінде ұлы тұлға Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасы мен тарихтағы орны туралы баяндамалар тыңдалды. Студенттерге 19 ғасырдағы Кенесары хан өмірін және 20 ғасырдағы Кенесары хан туралы зерттеу жүргізген Ермұхан Бекмаханов туралы тарихи оқиға негізінде түсірілген «Аманат» фильмінен үзінде көрсетілді.

Сондай-ақ, Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасына арналған «Қазақ тарихының геродоты»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ғалымның қазақ тарихын зерттеудегі еңбектері мен «Қазақ ССР тарихы» бойынша жүргізген зерттеулері , Қазақ тарихына қатысты жазған кітаптары мен мақалалары  ұсынылды. Ермұхан Бекмахановтың еңбектері қазіргі қоғам үшін маңызды және оның зерттеулері мен еңбектері бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпайды.  https://www.instagram.com/mangystau_kitapkhana/reel/DGCqkW3oIh-/




Маңғыстау креатив алаңында:  8-қазан күні Қалалық Мәслихат депутаттарының ...

Жаңалыққа өту  

2025 жылдың қазан айы Маңғыстау креатив алаңында жемісті де мазмұнды айлардың бірі ...

Жаңалыққа өту  

23 қазан күні  облыстық кітапханасының жасөспірімдер бөлімінің ұйымдастыруымен ...

Жаңалыққа өту  

15 қазан күні облыстық кітапханасының Өнер секторында  Халықаралық музыка күніне ...

Жаңалыққа өту  

8 қазан күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында «Бір өлке – бір тұлға» ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханасының Балалар әдебиеттер бөлімінде 8-қазан күні балалар ақыны ...

Жаңалыққа өту  

Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының арнаулы ...

Жаңалыққа өту  

15 қазан -  Халықаралық  Ақ таяқ күніне орай зағип жандарға арналған кітапхана ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханамызда дәстүрге айналған іс-шаралардың біреуі  - 18-наурыз - ...

Жаңалыққа өту  

Облыстық кітапханасының Мерзімді басылымдар залы Жаңаөзен газетінің 35 ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

+7 775 891 10 69

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-19:00
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:00

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу